Қоғам

Шымкентте жылқыны көлікке байлап сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Шымкентте жүргізушінің жылқыны автокөлікке байлап, жол бойымен сүйрегені түсірілген бейнежазба тарады.

Шымкент

Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізіп, құқық бұзған азаматтың жеке басын анықтады. Тексеру кезінде жылқының денесінен жарақат белгілері табылмаған.

Соған қарамастан, жүргізуші жануарға қатыгездік көрсету және оны тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды сақтауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз