Сидней университетінің зерттеуі: үй шаруасымен айналысу қатерлі ісік қаупін азайтады
Күніне бес минуттан аз үй жұмысы қатерлі ісік қаупін 32%-ға азайтады. Бұл туралы нәтижелері JAMA Oncology мақаласындажарияланған зерттеуде айтылған.
Зерттеуді Сидней университетінің аустралиялық ғалымдары жүргізді. Олар күнделікті үй шаруасына бөлетін 4,5 минут бізді қатерлі ісіктің кейбір түрлерінен сақтай алатынына көз жеткізді. Бұл едендерді сүрту, жиһаздарды жылжыту және кілемді қағу сияқты қозғалысты қажет ететін жұмысқа қатысты. Шындығында, бізді қимыл-қозғалысқа итермелейтін кез келген әрекет пайдалы, деп түсіндіреді зерттеу авторлары.
Эксперимент қалай өтті?
Зерттеу аясында ғалымдар 22 мыңнан астам адамға «ақылды» білезік тағып, оның деректеріне талдау жасады. Экспериментке қатысушылар спортпен шұғылданбады, сонымен қатар олардың күнделікті өмірінде тұрақты дене жаттығулары да болмады, олар тек серуендеумен және үй шаруасымен айналысқан.
Экспериментке қатысушылардың денсаулық жағдайын ғалымдар жеті жыл бойы бақылаған. Үй шаруасымен айналысатын адамдарда сүт безі, эндометрия немесе тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупі айтарлықтай төмендегені белгілі болды.
VILPA терминін Сидней университетіндегі Чарльз Перкинс орталығының зерттеушілері біз күнделікті бастан кешіретін қысқаша әрекетті сипаттау үшін ойлап тапты.
Зерттеудің жетекші авторы Чарльз Перкинс орталығының профессоры Эммануэль Стаматакис VILPA күнделікті өмірде жоғары қарқынды интервалдық жаттығулардың принциптерін қолдану сияқты екенін атап өтеді. Олар адамның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелеріне пайдалы.
«Біз орта жастағы адамдардың көпшілігінің үнемі жаттығулар жасамайтынын білеміз, сондықтан оларда қатерлі ісік ауруының даму қаупі артады», — дейді профессор.
Айта кетейік, бұған дейін дермотолог маса шаққан жерді неліктен тырнамау керегін түсіндірген болатын.