Қоғам

«Скотчпен байлап қойған»: Шемонаихада зейнеткерді тонап кеткен күдіктілер анықталды

Шемонаихада зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, жаралап, тонап кеткен күдіктілер анықталды.

«Скотчпен байлап қойған»: Шемонаихада зейнеткерді тонап кеткен күдіктілер анықталды

Polisia.kz хабарлағандай, Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне 73 жастағы зейнеткер шағымданып, үйне екі белгісіз адам кіріп, аяғын скотчпен байлап, 70 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тәртіп сақшылары “ізін суытпай” күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 63 және 42 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Олар кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты. Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған. Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз