Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:35

Сот АЭС туралы пікір алған журналист Еслямоваға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды

ы
Фото: rus.azattyq.org/©Самат Урналиев

«Уральская неделя» газетіне Қазақстандағы атом электр станциясы (АЭС) тақырыбында көшедегі адамдардан пікір алғаны үшін журналист Тамара Еслямоваға айыппұл салынды. Бұл туралы журналист Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Сот отырысы өтті. Судья Ғайнеденова «Журналистік бастама» ЖШС-ны ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Айыппұл 30 АЕК. Яғни, сот, журналистік жанрымыз – сұхбат, қоғамдық сауалнаманы қылмыстық және заңсыз әрекет деп таныды», – делінген хабарламада.

Журналистің айтуынша, сол бап бойынша прокуратураның екінші шешімі бойынша сот оның жеке тұлға ретінде талабын қанағаттандырудан бас тартты.

«Кеше маған Әкімшілік кодекстің 112-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Ал басқа нөмірмен және құқық бұзушылықтың басқа бабы – ӘҚБтК-нің 3-бөлігінің 120-бабы бойынша сотқа тағы бір қаулы ұсынылды», — деді Еслямова.

Алайда ол сот шешіміне шағымданатынын айтты.

Айта кетейік, 3 қазан күні «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова АЭС тақырыбында көшеде өтіп бара жатқан адамдардан пікір алғаны үшін сотқа шақырылған болатын.