Саясат

Сот Біртановқа жұмыс істеуге рұқсат берді. Цой оны қызметке ала ма?!

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановтың сотта жұмысқа оралуға рұқсат беру туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді.

Сот Біртановқа жұмыс істеуге рұқсат берді. Цой оны қызметке ала ма?!

«Сот Елжан Біртановқа жұмыс істеуге рұқсат етті. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдемге қабылдайсыздар ма?», — деп сұрады журналист Цойдан.

«Білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді», — деп жауап берді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде экс-министр Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Үш жылдан аса уақыт Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов сот отырысында өзінің кінәсіз екенін айтты. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және соттан өзін босатуын сұрады. Тіпті, қамауда отырғанынан гөрі бостандықта жүргені эпидемиямен күресуде қоғамға көбірек пайда әкелетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.

22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Сосын экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Ал, наурыз айының соңында бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко БАҚ-қа сұхбат беріп, экс-министр Елжан Біртановтың денсаулығы сыр бергенін айтты. Сондай-ақ адвокат оны үйқамақта негізсіз ұстап отырғанына наразы.

2020 жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысының жарлығымен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз