Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 21 Тамыз 2024

Сот экс-министр Мұхамедиұлының үкімін өзгертуге негіз таппады

в
Фото: turkystan.kz.

Астана қалалық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. 

Бірінші сатыдағы сот А.Мұхамедиұлы және басқалары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу жолымен, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырып, оған қатысқаны анықталды. Қорғаушылар, сотталғандар және олардың адвокаттары сот үкімімен келіспей, оған шағым келтірді.

Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады, делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, сот үкімімен А.Мұхамедиұлы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырғаны, рейдерлік әрекетке бағытталғаны, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін (ҚК 28-бабының 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 249-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі – 250-бабының 1-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.