Сот Мұхтар Жәкішевсіз өтіп жатыр
Семейде «Қазатомпром»компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВТІҢ мерзімінен бұрын босап шығутуралы өтінішіне байланысты сот отырысы басталды.
Сот процессін Семей қалалық №2 сотының судьясы Ермек ШЫМЫРОВ жүргізіп отыр. Алайда сот залына МұхтарЖәкішевті қатыстырмады. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ сот залынан хабарлайды.
Мұхтар Жәкішевтіқолдауға 50-60 шақты адам жиналды. Елорда, Шымкент, Павлодар, Торғайдан дақоғамдық белсенділер келді. Сот отырысы ашық болғанымен, ол жерге МұхтарЖәкішевті алып келген жоқ. Видео байланыс арқылы судья сотталушымен байланысқашықты. 2018 жылы тамыз айында Мұхтар Жәкішев Семейдегі ОВ-156/14 түзетумекемесіне ауыстырылған болатын. Дәлқазір сөз адвокат Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВКЕ берілді. Ол өз қорғауындағы Жәкішевтің 10жыл жазасын өтегенін және денсаулығының нашарлап кеткенін айтты.
Мұхтар Жәкішев 2009 жылымамырда «Қазатомпром» ұлттық компаниясы төрағасы қызметінен алынып, тұтқынғаналынған еді. 2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық № 2 сотының судьясыНұрлан ЖОЛДАСБЕКОВ Мұхтар Жәкішевті «қаржыны ысырап қылды және пара алды» дегенайыппен 14 жылға бас бостандығынан айырған. Бір жылдан соң ұлттық қауіпсіздіккомитеті тағы да қылмыстық іс қозғап, «ірі көлемдегі алаяқтық» және «өзінесеніп тапсырылған бөтен мүлкін иемденді» деп айыталды.
Қазақстандық құқыққорғаушылар Мұхтар ЕРКІНҰЛЫН саяи тұтқын деп есептейді. Оған халықаралықмемлекеттік ұйымдар да араша сұраған. Польшадағы «Открытый диалог» құқыққорғаушылар ұйымы Жәкішевтің үстінен қылмыстық іс саяси мотивпен қозғалғанынжәне құқық бұзушылық болғанын мәлімдеген.
2015 жылы БҰҰ адамқұқығы бойынша комитеті Ақордадан Жәкішевті босатуды талап еткен. БылтырХельсинки комитеті мен «Орталық Азиядағы адам құқығы» қауымдастығы солк ездегіпрезидент Нұрсұлтан Назарбаевтан Мұхтар Жәкішевті босатуын сұраған еді.
Фотолар автордікі.