Сот Мұхтар Жәкішевті босатпады
Семей қалалық № 2 сотының судьясы Ермек ШЫМЫРОВ МұхтарЖӘКІШЕВТІҢ мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішіне байланысты үкім шығарды.
Сот бұл жолы да М.Жәкішевтің өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісіСәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ сот залынан хабарлайды.
Түске дейінгі сот отырысында адвокат Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВөзінің қорғауындағы жазасын өтеуші М.Жәкішевтің денсаулығына қатысты айтқан болатын. Адвокаттың айтуынша, Мұхтар Жәкішев мерзімінің 4 жылын ҰҚК-ніңизоляторында өткізген.
«Кеше мен Жәкішевке барғанымда оның қан қысымыаптасына үш рет 200-ге дейін көтеріліп, дәрігерлер оған әзер көмектесетінін біліпқайттым» деді Н. Бейсекеев.
Судья Ермек Шымырбаевтың алдында Жәкішевтің атқарғанісін, ол басшылық еткен «Қазатопром» ҰК-на басшылық еткен жылдардағыжетістіктерін нақты мысалдармен ай-күніне дейін ұзағынан толғаған адвокатбәрінен де оның денсаулығына қауіп төніп тұрғанын шегелеп айтты.
Ал М. Жәкішевтің екінші қорғаушысы Паллада ТЕПСАЕВА әріптесі Н. Бейсекеевтің сөзіне қолдау білдіре келіп, айыпталушының босап шығуына ешқандай кедергіжоқтығына сенімді екендігін жеткізген. Айыпталушының фамилиясы жиі аталатын «Қазатомпром»ҰК өкілдерінің сот залынан табылмағанына қарап «Демек олардың шағымдары жоқ» дедіП. Теспаева.
Ал прокурор Ілияс МАЙЖАНОВ «Жәкішевтің денсаулығы нашарлағаны оның мерзімінен бұрын шығуына ешқандай негізбола алмайтынын» айтқан-ды.
Фото автордікі.