Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:14, 14 Қараша 2023

Сотталған ҰҚК экс-басшысы Мәсімов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Мәсімов
Фото: из открытых источников

Ол тергеу шаралары үшін Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына жеткізілді

Прокуратураның санкциясымен басқарманың экс-басшысы жаңадан қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Ол мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты ақшаны жылыстату және пара алу эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда. Параға қатысты биылғы көктемде Мәсімов премьер-министр болып тұрған кезде бизнес құрылымдардың бірінен элиталық қонақ үй мен шамамен 2,5 миллиард теңге тұратын жер телімін алғаны хабарланған.