Соттан кейін кәсіпкер ауылға тегін салып берген ойын алаңын бұзып тастады
Ақмола облысында бір кәсіпкер өз қаражатына ауыл балаларына арнап ойын алаңын салып берген.
Алайда кейін алаңда ойнап жүрген қыз бала сырғанақтан құлап, басынан жарақат алған. Осы оқиғадан кейін баланың анасы кәсіпкерді сотқа берген.
Сот шешімімен кәсіпкер жәбірленуші тарапқа 1,2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Осыдан кейін кәсіпкер ойын алаңын толықтай бұзып, оны басқа ауданға сыйға беріп жіберген.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды.