Live

«Союз» зымыраны «Прогресс» жүк кемесімен Байқоңырда ұшыру кешеніне орнатылды

Байқоңырда «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Прогресс МС-34» жүк кемесімен бірге ұшыру кешеніне орнатылды. Бұл туралы ҚазТаг жазды.

Сұңқар зымыраны

Космодромдағы дереккөздің мәліметінше, зымыран 23 сәуір күні таңғы сағат 7:30-да монтаж-сынақ корпусынан теміржол арқылы шығарылып, Байқоңырдың 31-алаңындағы №6 ұшыру қондырғысына тік күйде орналастырылған.

Қызмет көрсету құрылымдары жиналғаннан кейін Ресейдің зымыран-ғарыш саласының мамандары алғашқы ұшыру күніне арналған жұмыстарға кірісті.

Алдағы үш күн ішінде мамандар зымыран мен ұшыру кешенінің барлық жүйелеріне соңғы тексерістер жүргізеді.

Бұған дейін, 22 сәуірде «Роскосмос» мамандары «Союз-2.1а» зымыран тасығышының жалпы құрастыру жұмыстарын аяқтаған. Ғарыштық бас бөлік (оның ішінде «Прогресс МС-34» кемесі орналасқан) зымыранның үшінші сатысымен біріктіріліп, кейін бірінші және екінші сатыларға қосылған.

Зымыранды ұшыру 26 сәуір күні Астана уақытымен 03:21:47-ге жоспарланған.

«Прогресс МС-34» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету миссиясы аясында ұшырылады. Ол орбитаға 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді.

Тегтер: Байқоңыр
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз