Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккендердің кредиттері кейінге шегеріле ме?

Су тасқынынан зардап шеккендердің кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде 3 айға кейінге қалдырылады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі айтып берді.

а

Қайрат Тұрымтаевтың айтуынша, төлемдердің кешіктірілгені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

«Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде 2024 жылғы 1 сәуір – 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырылады. Зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқыны салдарының ықпалына байланысты туындаған, төлемдердің кешіктірілгені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Зардап шеккен барлық дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ су тасқыны шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан шағын және орта бизнес субъектілеріне олардың берген өтініштері ескеріле отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болады, - деді ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Агенттіктің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Қайрат Тұрымтаев.

Фото: Pixabay

Тегтер: Кредит
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз