Сүлеймен Байдәулетов. Әкім қызы
Түн. Бөлме ішітас түнектей қараңғы. Далада да бір үн жоқ. Тек сыртқы бағананың күн нұрындайқанық жарығы тереземен еден бойлай, онсыз да көңілі алаңдаулы Айымның мазасынқашырды.
Бұл оның осылай өткізіп жатқан үшінші түні болатын. Ары бір аунап,бері бір аунап, дөмбекшіп ұйқысы қашқан Айым телефонына үңілді. Сағат түнгі екіжарым. Кенеттен көптеген адам аяғының сыбдыры естіле бастады. Орнынан шошыптұрған Айым, сыртқа, терезеге қарай ұмтылды. Есік алды толған полицейлер менұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. Дәл осы сәтте, артынан жауқуғандай зырғып, төменге қалай жеткенін Айымның өзі де аңғармай қалды. Кіреберісте, полиция қызметкері өз әкесін тұтқындап жатқанын көрген байғұсқыздың жүзінен өңі қашқан. Осының бәрін көріп тұрған анасы: — Тоқтаңдар! Сендер не істеп тұрғандарыңды білесіңдер ма? Кімге жала жауыптұрсыңдар, өздерің? — Сіздің күйеуіңізді, қазіргі қала әкімін, өзінің мемлекеттік қызметін асырапайдаланды деген күдікпен уақытша қамауға алынды, — деп сөзін тәмамдағанполиция қызметкері қала әкімін көлігіне салып ала жөнелді. Ал Айым болса, бірбұрышта, әкесінің: «Менің ешқандай да кінәм жоқ!» — деген сөзіненбасқа түкте естімей, құдды бір мүсін сынды қатып тұра берді.
Айым Сәрсенқызы — жасы жиырма төртте, қазіргі қала әкімінің жалғыз қызы. Қаладағы орта мектептітәмамдаған соң, әкесінің ықпалымен, Лондондағы атағы жер жарар, мен мен дегенуниверситетке оқуға түседі. Оқуын үздікке бітіріп, елге оралып, Қазақстандағыбелгілі бір компанияға жұмысқа кіреді. Ол өз ортасында "әкімқызы"деген лақап атпен танымал. Сәйкесінше оның достарының да көпшілігі ауқаттыотбасылардың бір-бір еркесымақтары.
Айым негізіненатасы мен әжесінің қызы. Оларды қатты жақсы көретінгі соншалық, әкесі менанасына сен деп сөйлеп, тіпті жиі араздасып та тұратын еді. Себебі кішкентайкезден бері ата-әжесінің тәрбиесінде болған соң, оның бойында өр көкіректілік,жағымпаздылық, екіжүзділік және көпшілік қала қыздарына тән жеңілтектілікіспеттес қасиеттер мүлдем жоқтың қасы. Керісінше нағыз қазақ қызына сайкішіпейіл, өте қарапайым, тым мейірімді, аса қамқор және ең бастысы ар намысынсақтаған ибалы қыз болатын.
Таң атты. Күнұясынан шыққан шақта, нөсер жауыннан кейін саңырауқұлақша қаптаған журналистер,қала әкімі үйінің алдына жиналып қалған. Бәрінің де сұрары мен сұрағы, тайғатаңба басқандай анық еді. Терезеден сығалай қараған анасы, журналистердіңкөптігіне аса таң қала қоймады. Құдды бір бұрындары да келіп жүргендей. Артқыесіктен шыққан әкімнің отбасын алдын ала дайындалып қойған көлік күтіп тұрғанболатын. Қалалық полиция бөліміне келген әкімнің отбасын, ол жақта да үлкентосын сый күтіп тұрғанын олар мүлдем сезбеді. Мерекелік шараға жиналған қауымшаадамдар арасында ине шаншар орын жоқ. Жүздері сұсты, қабақтары қатқан күйдетұрған халықтың ашуында шек болмады. Көліктен түсе берген сәтте, оларға,жұмыртқа мен тас лақтыра бастады. Әйтеуір өйтіп-бүйтіп сытылып шығып ішкекірген соң, әкім қамауда отырған бөлмеге қарай беттеді. Әйелі мен қызының, адамсенгісіз келбеттерін көрген әкім мырза не айтарын білмей, сасқалақтап, мылқаусияқты тілден айырылды.
— Әкесі, қалайсыз? Жағдайыңыз жақсы ма? Біз түнімен көз ілмей, сіздіңхәл-жағдайыңызды уайымдап, ұйықтай алмадық, — деп, жаңа түскен келіндей майысыпсөз бастады анасы. Оған әкесі: — Иә, жағдайым жаман емес. Тек мені не үшін қамағандарын түсіне алар емеспін, — деп жауап қатты. — Қатты уайымға салына бермеңізші. Әйтпесе қан қысымыңыз көтеріліп кетер, — деподан сайын қылмия түсті анасы.Ал Айымда сол баяғыша үн жоқ. Әкесіне деген көзқарасы да өзгеше. Бұрынғыдан дасуық түрімен әкесіне қарап: — Егер мен сені әке ретінде қабылдағанымды қаласаң, онда барлық кінәңдімойында. Қашанға дейін халықты ақымақ етпексің? Сендей арсыз, ұяттан жұрдай,еліне опасыз, халқының жағдайына пысқырып та қарамайтын әке керек емес. Сеніңжаныңда даладағы қаңғыбас ит артық, — деп ішіндегі бар өкпесін ақтарыла айтқанАйым бөлменің есігін тарс жауып кете барды.
Арадан бір күнөтпестен әкімнің үйі және жеке заттары тәркіленді. Анасы мен қызы далада қалды.Қала көшелерінде жаяу жүру де, тіпті таксимен де жүру мүмкін емес. Журналистерәлдеқашан олардың жүздерін теледидардан көрсетіп, бетін ашқан келіндей елгетаныстырып қойған. Енді не істеп, қайда барарын білмей есеңгіреген олар, күндізкүлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Айым өзінің достарына, ал анасықұрдас-құрбыларына хабарласа бастады. Бірақ бәрінің жауабы бір — сатқын. Жеткенжеріміз осы енді деп, тығырықтан шығарға амалдары қалмаған екеуі, ауылға қарай,ата-әжесінің үйіне жол тартты. Осының бәрін естіп, біліп отырған әкесі соңғысәтте ойлана бастады. Қызының сөздері ауыр тиді ме екен, әйтеуір бір мазасыздықәкесінің көзіне жас ұялатты. Расында да ол өзінің арам жолмен табысты болып,соның арқасында шалқып, жалғанды жалпағынан басып жүргенін ұмытып кеткенін аңғарғандай.
Екі аптадансоң. Бүгінгі күн барша қала халқы үшін маңызды. Әсіресе Жұмағалиевтер әулетіүшін. Себебі қаншама жылдар бойы бюджеттен бөлінген қаржыны өз игіліктерінежаратып келген бұрынғы қала әкімінің соты. Сот келді. Сот барысы әдеттегідейайқай-шусыз бітпейтіні белгілі. Оның үстіне білдей қала әкімін соттағалы жатыр.Арадан біраз уақыт өткен соң, сот қос тарапты тыңдай отырып мынадай қорытындығакелді: — Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің үш жүз сегізінші бабының, үшіншітармағы бойынша кінәлі деп танылып сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын.
***
Түн. Ғимаратіші тып тыныш. Бәрі де тәтті ұйқыда. Қабырғалары мен едені, арктиканың салқынмұзындай бөлмеде жатқан Сәрсеннің ұйқысы жоқ. Бәлкім бұл түн оның осы бөлмедегісоңғысы болғандықтан болар, әйтеуір жүзінен әлде қандай бір жылулық сезіледі.Шалқасынан жатқан оның бетіне шағылысқан ай бейнесі оған қызын еске түсірді. Осыдан отыз екі жыл бұрын:
— СәрсенЖұмағалиев кім екен? — деді дәрігер.
— Мен… менғой. Жұбайымның жағдайы қалай, дәрігер? Босанды ма өзі? — деп тіл қаттыотағасы.
— Біз сізді шынжүректен құттықтаймыз, сіз айдай сұлу нәзіктінің әкесі атандыңыз, — депсүйіншісін сұрады дәрігер.
— Рас айтыптұрсыз ба? Енді менің сұлу да сүйкімді қызым болады ма? — деп өз құлағына өзісенбей, қуанышын жасыра алмады әкесі.
Анасыныңтолғағы түн жарымда, жер бетіне өз жарығын төккен, ақ сүттей аппақ айдыңкешінде келіпті. Сол себепті әкесі қызының есімін Айым деп қойған екен. Бірақбұл қуанышы алысқа ұзамай, әкесінің жұмысындағы беделі артқан соң, жалындағанотқа су сепкендей басылыпты. Артынша әкім болды, атағы артты. Ақшасы да көбейетүсті. Ақылынан алжасқан адамша, ақша мен абыройын ойлап, отбасы менжақындарына көңіл бөлуді ұмытып кеткен ол ендігі жерде кірерге тесік таппады.Көзінен аққан өкініш жасын сүрте беріп:
— Айым. Қошақаным.Бұйыртса аз қалды, шыда, — деп өз-өзіне күш-қуат беріп, кеудесіндегі қара жанынжігерлендіріп қойғандай.
Таң. Маңыздыкүн. Сәрсеннің жүрегі қатты соққаны соншалық, қазір қызы мен жұбайы келгенде неайтарын білмей, есеңгіреп қалам ба деп шошына бастады. Есік ашылды. Алдынан өзікүткендей отбасы тұр екен. Әне-міне дегенше де сегіз жылда құс қанатындай зулайөте шығыпты.
Кешкілік ас.Дастархан басында отырғандардың ешқайсысында бір ләм сөз жоқ. Бәрі бір нәрседенұялып, не қысылып отырғандай. Үйдің иесі ретінде сөзді әкесі бастады:
— Мен осыжылдар бойы, бастарыңа көп қиындықтар туындаттым. Әкім кезінде сендерге мүлдемкөңіл бөлмеппін. Өміріміздің мәні мен сәніне айналған бір жыртым жылтыр қағаздыжинаймын деп, отбасымнан айырыла жаздаппын… — деп отағасы көз жасына ерікберді.
— Әкесі,жыламаңыз. Бәріміз де пендеміз. Кім қателеспесін? Оданда алға қарай ұмтылудыойластырайық, — деді анасы үлкен өзгерістерден кейін.
— Бірақ меніңтүсінбейтінім — біреу. Мені осылай соттатып, адам қылған, ақ пен қараныңаражігін ажыратуды үйреткен, отбасыма қайтарған адам кім болды екен? — дедіөксіктеп әкесі.
— Мен, — дептілдеді Айым күлімдеп.
Әкесі менанасының жүздері бозарып, беттерінде қан жүрмей қалғандай ағарып, қыздарыныңайтқанына сенбей, қолдарындағы қасықтарын түсіріп алған олар, көпке дейінестерін жия алмады.
— Мен сеніңқұйтұрқы әрекеттеріңнің бәрін білген соң, артыңнан аңдып жүрдім. Бірақ сендетоқтау деген ұғым болмады. Сондықтан да осы істі тоқтатуды өзім қолға алдым.Бірақ мұның бәрі енді артта қалды. Анам айтқандай енді тек алға қарайұмтылуымыз қажет. Осы ісім үшін сіз маған ренжімейсіз деп ойлаймын, әке, — депсөзін тәмамдады Айым.
Қуаныштан тағыжылаған әкесі, жасын тия алмай, осы күнге жеткізген Жаратқанға сансыз алғызайтып, Айымды құшағына ала бауырына басты. Қаншама жылдан бері оның"әке" деген сөзіне зар болған ол, осыдан кейін тек отбасының қамыүшін адалынан еңбек етіп, жақындарының жанында болуды мақсат етті.