09:58, 23 Қазан 2018
«Сығанақ» туристерді шақырады
Қызылорда облысы – шежіресі бай өлке. Атақты тұлғалар дүниеге келген Сыр елінде тарихи жерлер де жетерлік.
Солардың бірі – Сығанақ қаласы. Ортағасырда сауда мен өнеркәсіптің орталығы болған қаланың орны әлі күнге дейін зерттеліп келеді. Қыпшақ, Ақ Орда және Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен өзінің қасиеттілігімен ерекшеленеді. Күні бүгінге дейін ғалымдардың айрықша қызығушылығын тудырып отырған қалашық нағыз экотуризм орталығына айналып келеді.Сығанақ қаласы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылының жанында орналасқан. Тарихи деректерге сүйенсек, мұнда ҮІ –ХІІ ғасырларда тіршілік қайнап, сан салада ілгерушілік байқалған. Сыр елінің қолөнері мен саудасы, мал шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қаланың халқы ауқатты тұрған деген ақпарат бар. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Сығанақтың айналасында түрлі құрылыс нысандары мен үйінділердің орны табылған.
«Сығанақ қаласы нағыз мәдени орын. 2004 жылы қаланың шығыс қақпасының алдынан ғалым, ислам дінінің көрнекті өкілі Хиссамидин салғызған мешіт- медресенің орны табылды. 2008 жылы қасиетті нысан топырақтан тазартылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстарынан өтті. Бұл еліміздің рухани саласының қарыштап дамуына жасалған үлкен қадам болатын. Қазір қалашықты ЮНЕСКО – ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта нақты нәтиже болатынына сенімдіміз», — деді Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат АШАНҚЫЗЫ. Сығанақта осы уақытқа дейін бірнеше мәрте археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Мәселен, 2003-2013 жылдары республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ – Түрік университетінің мамандары ғылыми – зерттеу жасады. 2010 жылы ауқымды археологиялық шаралар жанданып, көптеген құнды жәдігерлер табылды. Атап айтқанда 2 үлкен құмыра, 200-ден аса керамика сынықтары археологтарды олжалы етті. Өткен күндерден мол мағлұмат беретін дүниелер егжей-тегжейлі зерттелді. Дәл осы жылы алғаш рет Сығанақ қаласының топографиялық сызбасы жасалынған.
«Сығанақ қаласы талай тарихшылар мен археологтардың ғылыми еңбектеріне арқау болған тақырып. Мұнда көптеген қазба жұмыстары жүргізілді. Әлі де бұл бағыттағы шаралар жалғаса бермек деп ойлаймын. Өйткені бұл өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Қалашықта болып, оны өз көзімен тамашалаған адам ұмытылмас әсерде қалады. Мұнда өткен күндердің тыныс – тіршілігін анық аңғаруға болады. Сыр елінің тарихын білгісі келген адам үшін таптырмас мекен. Қазір шетелдік туристер де Сығанақты тамашалауға келіп жатыр. Бұл үлкен қуаныш», — дейді жас ғалым Нүркен ӘБІЛҚАЙЫР. Өкінішке орай, қалашыққа жылына қанша туристердің келетіндігі жөнінде нақты мағлұмат жоқ. Бірақ, тарихы терең өлкеге келушілердің қатары артып отыр дейді мамандар.«2013 жылы Сығанақ қалашығының оңтүстік – шығыс қақпасы ашылды. Осыған орай, нысанның қайта қалпына келтіру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2014 жылы республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Бұл ретте атқарылатын жұмыстардың барлығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Құрылысшылардың еңбекқорлығы мен ұқыптылығының арқасында өткен күннен қалған дүниені қалыпты деңгейде ұстап тұру мүмкін болды. Биылғы жылы да республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат бөлінді. Қалашықты реставрациялық және археологиялық жұмыстар жалғасын тапты. Қалашықтың айналасына жол төселініп, қорғандар көтерілді. Кішігірім көпір жаңартылды. Тақтайшалар ретке келтіріліп, туристерді көбірек тарту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды», — деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағдат АЛИЕВ.