Саясат

Тағдыры күрделі, бірақ дарынды адам еді. Путин Пригожин туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин Тверь облысында жолаушылардың арасында «Вагнер» КХК негізін қалаушы Евгений Пригожин болған Embraer ұшағының апатқа ұшырауы туралы алғаш рет айтты.

Тағдыры күрделі, бірақ дарынды адам еді. Путин Пригожин туралы айтты

Путин қаза болғандардың туыстарына көңіл айта отырып, ол жолаушылар арасында Ресейдің Украинаға қарсы соғысына «үлкен үлес қосқан» жеке әскери компанияның қызметкерлері бар екенін айтты. Евгений Пригожин туралы айта отырып, Путин оның «қалаған нәтижеге» қол жеткізетін «тағдыры күрделі адам» екенін атап өтті.

«Осы ұшақ апатына қатысты, ең алдымен, барлық қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл трагедия.Ол жерде «Вагнер» компаниясының қызметкерлері болса, алдын ала мәліметтер көрсеткендей, бұл адамдар Украинадағы неонацистік режимге қарсы ортақ жұмысымызға елеулі үлес қосқан адамдар екенін атап өткім келеді. Біз оны есте сақтаймыз және ұмытпаймыз.

Мен Пригожинді бұрыннан білемін, 90-жылдардың басынан бері. Тағдыры күрделі адам еді, өмірде өрескел қателіктер жіберіп, қалаған нәтижеге қол жеткізді. Ол талантты адам, дарынды кәсіпкер еді. Елімізде ғана емес, шетелде, әсіресе Африкада нәтижелі еңбек етті. Онда мұнай, газ, асыл металдар, тастар өндірумен айналысқан. Түсінгенім, ол кеше ғана Африкадан оралып, осында бірнеше шенеунікпен кездесті», — деді Ресей президенті.

Тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты алдын ала тергеуді бастаған. Қазір техникалық және генетикалық сараптама жүргізіліп жатыр.

Ресей президенті ұшақ апатының себептері зерттеліп жатқанын және оның соңына дейін жеткізілетінін мәлімдеді. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз