Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 09 Қаңтар 2024

«Таксистер де кәсіпкер ретінде тіркелуі керек» – Қаржы министрлігі

кәсіпкер
Фото: из открытых источников

Қаржы вице-министрі заң бойынша таксистердің бәрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керектігін ескертті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

– Қазір осы такси жүргізушілері бойынша арнайы салық режимі бар. Қазіргі заң талаптарына сай ол (таксиші) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Тіркеліп, 1 пайызды салықты мобильді қосымша арқылы төлеуі керек. Болмаса патент алса 1-ақ пайыз салық төлейді. Ол мобильді қосымша арқылы онлайн түрде тіркеле алады, – дейді вице-министр үкіметтің баспасөз орталығында.

Ержан Біржановтың айтуынша, жаңа кодекстердің талаптарына сәйкес, операторға салық төлеушіге ретінде қарау мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

– Егер таксиші оператор арқылы жұмыс істесе, ол салықты оператор бюджетке төлесе, міндеттен босатуға қарастырып жатырмыз. Ол болашақ кодекстің нормалары, – деді Біржанов.