Live

Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың мәйіті өзеннен табылды

Талдықорған қаласында із-түзсіз жоғалған 7 жастағы баланың мәйіті Қаратал өзенінен табылды.

су

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оның жоғалып кетуі мен қаза болу жағдайлары тексеріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін қалада жоғалған балаға іздеу жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Мәліметке сәйкес, баланың даму ерекшелігі болған.

Баланың жоғалғаны туралы хабар полицияға кешкі сағат 19:50-де түскен. Ол кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Шығыс ықшамауданы маңында, баланың тұрған жеріне жақын аумақта ауқымды іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеуге полиция қызметкерлері, кинологтар, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылған.

Олар аулаларды аралап, Қаратал өзенінің бойын және бос жатқан аумақтарды тексерген. Іздеу аумағын кеңейту үшін полицейлер жылу камерасы орнатылған дрон да пайдаланған.

Тегтер: Суға бату
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз