Талдықорғанда ер адам өз көлігінде атылып өлді
Талдықорғанда 47 жастағы ер адам өзіне қол салды. Ол көлігінде атылып өлген, деп хабарлайды Жас Алаш.
Telegram-дағы Polisia.kz арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай бүгін болған. Көктем ықшамауданында 74 жастағы ер адам Toyota Hilux Pick көлігінен өлі табылды.
Болжам бойынша, ол атыс қаруын қолданып, өзіне қол салған. Қазір суицид жасаған марқұмға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.