Талғар аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды
Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді.
Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды.
Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, делінген хабарламада.
Агенттіктің айтуынша, ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: