Қоғам

Талғарда уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктінің кім екені анықталды

Полиция Талғарда қашып кеткен зорлау ісі бойынша күдіктінің мәліметтерін ресми түрде жария етті.

ы

«Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 1998 жылы 30 мамырда туған Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздестіруде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау ісі бойынша күдіктінің қашып кеткені белгілі болған.

Кейін қашқынды ұстау үшін жолға бөгет қойылғаны хабарланды.

Тегтер: Талғар
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз