Саясат

Талғат Аянды полиция пикетке шығармады

«Ертең сағат 15-00 де,Атырау облысының әкімшілігінің алдына жалғыз адамдық пикет жасаймын.

Талғат Аянды полиция пикетке шығармады

Өзімніңконституциялық құқығымды пайдаланып, қасиетті жер тағдырына алаңдағаны үшін 3жыл, 3 ай түрмеде отырған Макс Боқаевқа биліктен бостандық талап етем. Ия,пикеттен пайда болмас, бірақ әрекетсіз отыруға болмайды, халайық!»

Бұл Атырауоблысынан жер дауы бойынша сотталып, жақында бостандыққа шыққан Талғат АЯННЫҢ кешекешке «Фэйсбук» парақшасында жарияланған жазбасы. Алайда, бүгін белгіленгенуақытта ол облыстық әкімшілік алдына келмеді.

«Сағат 14.00 шамасындамені көшеден полиция қызметкерлері ұстап алып кетті. Учаскелік полицияпунктінде үш сағат ұстап, телефоным мен «МаксБоқаевқа бостандық!»  деген жазуыбар плакатымды алып қойды. Қала прокуроры ескерту берді. Әкімшілікхаттама толтырамыз деді, бірақ толтырмады. Бізде бейбіт жиналысты қана емес,бір адамдық пикетке де рұқсат жоқ», — деп түсіндірді Талғаттың өзі.

Прокуратура органы тарапынан ресми мәлімдеме жасалғанжоқ. Ал бейресми дерек көздері, Талғаттың жалғыз адамдық пикет жасау үшінрұқсат алмақ түгіл, өтініш те жасамағанын алға тартты.

«Маған өтініш жасауымкеректігі жөнінде айтты. Бірақ оның тура  заңның қай жерінде жазылғанын ешкім декөрсетіп бере алмады. Өз басым жеке адамның бейбіт түрде талап қойып шыққанынане үшін рұқсат сұрайтынын түсінбеймін. Қалай болғанда да, мен қандай да бірәрекет жасадым, қолымнан келгенді жасауға тырысқанымды барлығы көріп отыр», — дейді Талғат Аян.

Қызығы,бұғандейін Алматыда публицист Сергей ДУВАНОВ Мұхтар ЖӘКІШЕВТІ қолдап жалғыз кісілікакцияға шыққан. Ол кезде полиция ешқандайда бөгет жасаған жоқ.

«Жалпы, біздің заңдарымызда жалғыз адамдық пикет дегенұғымның өзі еш жерде қолданылмаған. Халықаралық құқықтық стандарттар бойынша,ол үшін рұқсат талап етілмейді, себебі, бір адамның шығуы – оның жай ғанаталап-тілегін, арыз-шағымын айтып шыққанын көрсетеді. Заңда митинг ұғымы бар,шын мәнінде оның өзі «уведомительный», яғни, «мен, міне, мынадай шағымменмынадай кезде шығамын» дегенді хабарлау сипатында болуы тиіс. Жалғыз адамдықпикеттің өзіне шығармау – біздің еліміздегі азаматтар құқығының шектеуліекендігінің айғағы. Өзіміз де көріп жүрміз, егер рұқсат сұраймын десең, билікмұндай пикетке ешқашан рұқсат беремейді, оған күмәніңіз болмасын», -  дейді құқық қорғаушы Дарья ҰЛЖАҒАЛИЕВА.

Фото: facebook.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз