Талғат Орынбасар дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын жүлдесі үшін күреседі.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Тайпей өкілі Ян Юнвэйді жеңді.
Осылайша ол ақтық сынға жолдама алды.Талғат финалда Шерзод Давлатов пен моңғолиялық Сухбат Бямбасурэн арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.