Әлеумет

Тамыз кеңесі: мақтаулар мен мақтандар

Талдықорғанда өткендәстүрлі тамыз кеңесінде, жылдағыдай, білім басқармасының басшысы Дәурен ЖҮНІСОВоблыс әкімі Амандық БАТАЛОВПЕН жаңадантұрғызылған театрдың фоейсіндегі білім көрмесін аралады.

Тамыз кеңесі: мақтаулар мен мақтандар

Басқарма басшысы және оның орынбасарлары  облыстағы білім саласының жетістігі туралызор мақтанышпен айтып, алдағы жоспарларын баяндады. Айтпақшы, мақтан сөзінмақаламызда жиі пайдалануға мәжбүрміз.  

Алматы облысындағыжиындардың көбі (бәрі болмауы мүмкін), облыс басшысына мадақ немесе алғыс айтуданбасталады. Бұл жиын да сол дәстүрді айналып өткен жоқ. Амандық ҒАББАСҰЛЫНЫҢ мұндайғақұлағы үйренген болар, мақтап алып жөнелетіндерге ескерту айтқан кезінбайқамадық. Бірақ, құрылысшы әкімнің еңбегі, шынымен-ақ, мақтауға тұрарлық.Мұны облыс жұртшылығы жиі айтады.

Алғаш боп сөйлеген білім басқармасы басшысыұстаздар қауымымен амандаспай жатып, алдымен, «құрметті Амандық Ғаббасұлы» деп сөзінбастады. Содан кейін ғана алдағы оқу жылына дайындық барысы туралы әңгімеқозғалды. Биыл Алматы облысы оқумаусымына тас-түйін дайын деген маман бұл жетістіктердің біразын облысбасшысының ерен еңбегімен байланыстырады екен. Одан кейін сөз алған ұстаздарқауымы да Амандық Ғаббасұлының алдында бас иетіндерін жеткізді. Мәселен,көпшілік алдына шығып сөйлеген 7 адамның 3-і әкімге алғыс айтуды жөн көрді.

«Құрметті, Амандық Ғаббасұлы, біз әрдайым сіздің қолдауыңызды сезінеміз.Бүгінде мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып, ұстаздарымыздыңеңбек етуіне қолайлы жағдай  жасалуда. Облысәкімдігі тарапынан педогог мамандығына былтырғы жылы 74 грант бөлінсе, биыл 141грант бөлініп отыр. Бұл ұстаздар қатарынжаңашыл, жалынды жастармен толықтыруға мүмкіндік береді деп есептеймін. Осындайигілікті істе қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге облыс мұғалімдері атынан алғысайтқым келеді», — деді жиында сөйлеген Талдықорғандағы Шоқан Уәлиханов атындағы№10 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Айжан ЖҰМАДІЛОВА.

Татьяна СОКОЛОВСКАЯ Талдықорған қаласы № 8-мектебініңпсихологы: «Құрметті, Амандық Ғаббасұлы сіздің қолдауыңыздың арқасындаинклюзивтік білім беруде 2018-2019 оқу жылы 130 бала бақша, 516 жалпы білімберетін орта мектеп және 43 колледждегі арнайы білім беруді қажет ететінбалаларға толық жағдай жасалды. Логопед, дефектолог мамандарға штаттықбірліктер бөлінді», — деді. 

Осындай мақтауды естігенәкім мақтанарлық ісін айтпасқа болмады. Баталов мырзаның сөзінше, 10 жыл бұрыноблыста балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі небәрі 21 пайызболса, қазір бұл көрсеткіш 99 пайызға жуықтаған.

«Биыл білім саласының бюджеті 200 миллиард теңгені құрап,былтырғы жылмен салыстырғанда 43 миллиардқа артып отыр. Білімге осынша қаражатжұмсаған басқа өңір бар ма? Меніңше, ондай облыс әлі жоқ», — деп масаттанды АмандықҒАББАСҰЛЫ.

Өңір басшысыныңсөзінше, облыста 20 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған жергілікті жәнереспублика қазынасынан 9.9 миллиард бөлінген екен. Алайда, қомақты қаражат құйдықдеп мақтанған әкім де білім басқармасының басшысы да өңірдегі 3 ауысымдымектептердің проблемасын әлі шеше алмай келеді. Қазір Алматы облысында 3ауысымды 34 мектеп бар. Білім министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ облыстағыдемографиялық өсімнің артуына байланысты олардың саны 50-ге дейін артуы ықтималекенін айтқан болатын.

Жиынға проблемасыбастан асып жатқан шалғайдағы мұғалімдер келе ме деп күткеміз. Бірақ, тамызкеңесінде оларды байқамадық. Жоғарыдан пәрмен келсе басына орамал тағып, ағашәктеп, парк пен көше тазалаудан қолы босамайтын мұғалімдердің орнына бұл жиынғакостюм-шалбар киіп, туфлиі жылтыраған қала және аудан әкімдері келген екен. Ал, сыйлы қонақтар отыратын орынғажуырда ғана облыс әкімінің орынбасары болған Бағдат МӘНЗОРОВ пен өзге де шенділер жайғасты.

16 тамыз күні елордада өткен Тамыз конференциясындапрезидент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мұғалімдерді еркінен тыс жұмысқа салатынәкімдерді сынға алған еді. 2018 жылыэкс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ та осы проблеманы айтып, «Ұстаздар мәртебесі»туралы заң әзірлеуді бұйырған.

Бүгінгі жиынға келгенәкімдердің көптігін көріп, облыс басшысы президенттің тапсырмасын нықтай ма депойладық. Бірақ...

Жалпы, бұл жиынжылда өтетін тамыз кеңесінен еш ерекшеленген жоқ. Жылдағыдай баяндама оқылып,дайындалған сөздер айтылды. Айтпақшы, тамыз кеңесіне қатты дайындалатын білімбасқармасындағылар келетін қонақтар адасып кетпесін деген оймен болар әрорындықтың артына кімнің не істеу керекгін жазып қойған екен.

Орны белгіленген меймандарарасында білім министрлігінен келген өкіл де бар. Ол кісі де облыс басшылығынмақтап өтті.

«Амандық Ғаббасұлы, Нұр-Сұлтанда өткен тамыз кеңесініңқорытындыларын қарап отырып,  Алматыоблысының айтарлықтай алға жылжығанын байқадым. Мәселен, жаңа аттестацияданөткен 56 мұғалім бар екен. Олар нағыз шеберлер. Мүмкіндікті пайдаланып облыстыңбарлық педогогтарына алғыс айтқым келеді. Амандық Ғаббасұлы, мен де осы облыста қызмет атқарғам. Сөзіме сенсеңіз,Талдықорғанның келбеті ғана емес, білім жүйесінде де елеулі өзгерістердібайқадым. Аймақтағы білім саласынқаржыландыру 2 есе өсіпті.  Жалғызөтінішім бар! Дәурен(Даурен Жүнісовке қарап айтылды), тек, осы атқарылып жатқанүлкен әрі қажырлы еңбекті көрсете білу керек, жұмыстарыңды жарнамалай білукерек. Тіпті, халықаралық конференциялар өткізетін мүмкіндіктеріңіз бар», — деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білімдепартаменті басшысының орынбасары СәулеҚАБИМОЛДАЕВА

Біз осы жиында конференцияұйымдастырушылары ілген слайдты (фотосы төменде) түсіне алмадық. Суретте білімніңарбасын осы саланың шенеуніктері сүйреп барады. Ата-аналар, мұғалімдер,оқушылар болса кедергі келтіруде. Шындығында солай ма?

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз