Қоғам

Танымал КВН ойыншысы пойызда жанжал шығарды

Threads әлеуметтік желісінде Айсара Уалиханова есімді қолданушы Қызылорда–Павлодар бағытындағы №117 пойызда мас ер адамның купесіне кіріп, мазасын алғаны туралы жазба жариялады.

Ақылбек Скендиров

Оқиға 26 сәуірге қараған түні шамамен сағат 00:30-да Қызылорда-Павлодар бағытындағы №117 пойызында болған. Жолаушы әйелдің айтуынша, Қазалы станциясында оның купесіне билеті басқа орынға тиесілі ер адам кіріп кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеодағы ер адамның КВН ойыншысы әрі «Жайдарман» қатысушысы Ақылбек Скендиров екенін жазып жатыр. Ол «Аралас» КВН командасының құрамында өнер көрсеткен.

Ақылбек Скендиров
Фото: Threads

Айсара Уалиханованың сөзінше, ер адам мас күйде болған. Ол өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтқан. Әйел Сексеуіл станциясында сағат 03:17-де полиция шақырғанымен, тәртіп сақшысы шамамен бес сағаттан кейін ғана келген.

Оның айтуынша, қатты шаршағаны және баласының қауіпсіздігіне алаңдағаны себепті ол бастапқыда шағымы жоқ екені туралы арызға қол қойып, видеоүндеу жазған.

Қазіргі таңда жолаушы қайтадан ресми шағым түсіріп, оқиғаға қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз