Таразда 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары кімдерге беріледі?
Бабаларымыз «үйі жоқтың күйі жоқ» екенін баяғыда-ақайтқан. Бұл ретте баспана мәселесімен бас ауыртып жүрген жамбылдықтардың ендігіуақытта «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша үйлі болуынамүмкіндіктері артады.
Яғни, әлеуметтік топқа кіретін отбасыларға және тапшымамандық иелерінің өз саласының үздіктеріне Таразда 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі.
Осынау тың бастама қазан айынан бастап қолға алынбақшы. Қазіркөмектің қандай санаттағы азаматтарға берілетіндігі нақтыланып, бекітіліпжатыр. Ол туралы бізге облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровайтып берді.
Оның айтуынша, тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмекретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау ретінде, яғни қайтарымды бюджеттіккредит ретінде берілмек. Сертификат мөлшері бастапқы жарнаның бір бөлігіретінде 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыны құрайтын болады. Бұл бағытта 3,2 миллиардтеңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр.
«Сертификаттек жаңа үйлергеғана беріледі. Егер әр адам басына шаққанда табысы 42 мыңнан асатын болса, ол сертификат әлеуметтік қолдау ретінде қайтарымдыболып беріледі. Ал егер қаражат адам басына шаққанда аталған қаржыкөлеміне жетпейтін болса,ол әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беріледі. Жалпы өңірде биыл 465 мыңшаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда 26 нысанныңқұрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 21-і – мемлекеттік бағдарламалар арқылыжеңілдетілген несиемен берілетін үйлер. Қазірдің өзінде 800-ге жуық пәтер дайынтұр. Жыл соңына дейін тағы 740 пәтерлі 12 үйді тапсыру көзделіп отыр»,-дейдіЖайықбай Шалдаров.
Аталмышбасқарма басшысы бұл орайда сертификат «Бақытты отбасы» және «7-20-25»бағдарламалары арқылы жүзеге асатынын айтып, олар бойынша да белгіленгенсанаттардың бар екенін тілге тиек етті. Айталық, «Бақытты отбасы» бағдарламасыбойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi, «Алтын алқа», «Күмісалқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I жәнеII дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалыжәне толық емес отбасылар аталмыш жеңілдікке қол жеткізбек. Ал, «7-20-25»бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттары денсаулық сақтау, білім беру,мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы қажетті, тапшымамандарға берілетін болады.
Бұл ретте салалардағы қажетті мамандар ҚР Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілгенін айтакетейік.