Саясат

Тараздағы орталық алаңға ақыры Назарбаевтың аты берілді

Совет үкіметі кезінде Ленин, Сталин, Брежнев алаңдарыболатын... Тараз қаласыныңқақ ортасындағы алаң енді Назарбаев алаңы деп аталатын болды.

Тараздағы орталық алаңға ақыры Назарбаевтың аты берілді

Бұған дейін«Достық» алаңы, жергілікті жұрт кейде Бәйдібек алаңы деп те атайтын орталықалаңға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атауы берілді. Бұлалаңда Бәйдібек бабаның үлкен ескерткіші орнатылған.

Негізі әу баста Жамбыл облысының әкімдігіТараздағы ең үлкен Төле би даңғылын Назарбаевтың атына ауыстырмақшы болып,тіпті облыстық мәслихат арнайы шешім шығарып, жоғары жаққа бекітуге жолдағандажамбылдық шенділердің бұл әрекетіне халық қарсы болып, елдің ашу-ызасынтудырғаны белгілі. Кейіннен республикалық ономастика комиссиясы бұл у-шудыңушығып кетуінен қорықты ма, әлде расында баба аруағынан аттап өте алмады ма,әйтеуір халықтың пікіріне құлақ асқандай болып, мәслихат шешімін кері қайтарып,қабылдамай тастаған болатын. Яғни, облыстық мәслихаттың депутаттары Төле бидаңғылын Н. Назарбаевтың атына беру туралы ұсынысқа да екі қолдарын көтеріпқолдап, ертеңінде жоғарғы жақтан «бұл дұрыс емес екен» деген пәрмен келгенде өзұстанымдарын лезде өзгерте салған еді. Бұл жағдай әрине, мәслихат дегенніңбиліктің ойыншығы екенін бір дәлелдегені анық.

Таразда Төле би көшесіне өрге қарай қарайпараллель Қазыбек би, Әйтеке би, Қонаев, одан арырақ Тәшкент көшесі орналасқан.Міне, осы Тәшкент көшесін Төле би, ал, Төле биді Назарбаевқа ауыстырмақ болғанғой. Бірақ, Назарбаевқа Төле биді жығып беруге арланбаған жамбылдық шенділерТәшкент көшесін тұңғыш президенттің есімімен атауды құп көрмеді. Сөйтіп Әулиеатаныңәкім-қаралары Тараздың орталық алаңына Н. Назарбаевтың есімін беруді жөн көрді.

Алайда, «Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, бұлмәселені алдын-ала қоғамдық талқылауға салып, жұрттың ортасына тастап алғандарыда рас. Сонымен  «Әділет» нормативтікқұқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында тиісті аумақхалқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 24 мамырдағы ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясыныңқорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі қаулы етіп және Жамбыл облыстықмәслихаты Тараз қаласының «Достық» алаңын «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп қайтаатау шешімін қабылдағаны айтылыпты. «Осы нормативтік құқықтық акті әділеторгандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқыресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқаенгізіледі» делінген құжатта.

Фото: matritca.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз