Қоғам

«Тәрбием жібермейді, дауласуға жоқпын»: Аша Матай Шекеевке жауап берді

Белгілі тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясынан» кандидат ретінде тіркелген Аша Матай өзін пікірталасқа шақырғандарға жауап беріп, мұндай форматқа қатыспайтынын мәлімдеді.

Аша Матай

Оның сөзінше, бұл шешім ұлттық тәрбие мен отбасынан алған құндылықтарына байланысты.

«Анамның тәрбиесі бойынша, қазақ қызының өз мүддесін дәлелдеу үшін ер азаматпен, әсіресе жасы үлкен адаммен сөз таластырғаны жараспайды. Айтарым да, арманым да бар, бірақ тәрбием бұған жол бермейді», - деді ол.

Сондай-ақ кандидат саяси тартыстан гөрі, ел игілігі үшін бірлесіп еңбек ету маңызды екенін атап өтті.

«Тырнақ астынан кір іздемей, ел үшін бірге жұмыс істейік. Қолдау білдірудің өзі бізге үлкен күш береді», - деді Аша Матай.

Ол көпшілік өзін өнер мен тележүргізушілік қызметі арқылы танитынын, алайда осы жол халықтың мәселесін жақыннан танып-білуге мүмкіндік бергенін айтты. Осы себепті Халық партиясының атынан сайлауға түсіп отырғанын және алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз