ТарМУ 500 орындық жатақхана салып жатыр
Жамбыл облысындажатақханаға 2780 студент мұқтаж болса, оның 2030-ы өңірдегі үш жоғары оқуорнында, 750-і колледждерде білім алушы жастар.
Бұл мәселені шешу үшін колледждер тарапынаннақты істер байқалмаса да, өңірдегі үш жоғары оқу орны бәсекеге түскендей білексыбанып кірісіп кеткені қуантады.
Дегенмен, әр оқу ордасыжатақхана мәселесін шешуге әр қырынан келуде. Айталық, бірі – жатақханағимаратының іргетасын қалап, қабырғасын көтере бастаса, екіншісі – дайын қонақ үйдісатып алып, тиісті талаптарға бейімдеп, жаңғыртудан өткізуде. Үшіншісінде –«Студенттер үйі» өзінің жаңа тұрғындарын қабылдауға дайын тұр.
Бұл ретте ТарМУ ректорыМахметғали Сарыбеков:– Жалпы, оқу орнымыздың бір өзінде 804 орындықүш жатақхана бар. Оның екеуі – Тараз, біреуі Қаратау қаласында орналасқан. Олардыңбарлығы да тиісінше ағымдық жөндеулерден өткізілген. Ал 500 орындық жаңажатақхананы салуымыз үшін бізге бюджеттен ешқандай да қаржы бөлінген жоқ.Бірқатар қаржыландыру көздерін де іздестіріп көрдік. Мемлекеттік-жекеменшікәріптестік аясында инвесторлар көмегіне жүгінуді де ойластырдық. Өкінішкеқарай, мұның да жөні келмеді. Өйткені олардың көпшілігі құрылыс ісінің өздеріүшін тиімді болуын, аздап табыс табуды да ойлайды. Сондықтан біз басқа жолдытаңдадық – «ПИКО» ЖШС құрылыс компаниясымен бірлесе концорциум құрдық. Жаңастуденттер жатақханасы құрылысына жұмсалынатын қаражаттың жартысы аталғанкомпанияның, жартысы біздің есебімізден қарастырылуы келісілді. Құрылысжұмыстарының жалпы жобалық құны 1 миллиард 350 миллион теңгені құрап отыр. Бірескерерлік жайт, мемлекет тарапынан субсидиялар нысан пайдаланылуға берілгенненкейін барып, кезең-кезеңімен төлене бастайды. Аталмыш нысанды 2020-шы жылғы оқужылына орай пайдалануға беру көзделуде, – дейді.
Бұл ретте «Қаржы орталығы»АҚ студенттер жатақханаларына операторлық ету департаментінің сарапшысы АбылайСатыбалдин: «Біз жоғары оқу орындарын, колледждерді және инвесторларды өзаратиімді шартпен студенттер жатақханалары құрылысына күш жұмылдыруға шақырамыз. Бүгіндеелімізде студенттер тұратын 90 мың төсек-орындық жатақханалар ашу қажет. Бұлмәселенің мегаполистен бастап, облыстық маңызға ие қалаларға дейін – барлықөңірлерге қатысы бар» деп атап өтті.