Әлеумет

Тәшиевке Қырғызстан аумағынан шығуға тыйым салынды

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша қозғалған іс аясында бұрынғы шенеуніктерге қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Ташиев

Экс-ҰҚК басшысы Камчыбек Тәшиев қылмыстық іс бойынша ресми түрде күдікті деп танылды. Оған Қырғызстан Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған:

  • 326-бап - билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, конституциялық құрылысты өзгерту әрекеті;
  • 337-бап - қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану (жеке пайда табу және жоғары лауазыммен байланысты ауырлататын жағдайлар).

Сот оған елден шықпау туралы бұлтартпау шарасын тағайындады. Тәшиев өз кінәсін мойындамай, бұл іске қатысы жоқ екенін дәлелдейтінін мәлімдеді.

Бұл іс бойынша сондай-ақ бұрынғы депутат Курманкул Зулушев пен экс-парламент спикері Нурланбек Шакиев де күдікке ілінген. Оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену айыптары тағылып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз