Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:56, 08 Желтоқсан 2023

Ташкентте 8 жастағы қыздың ернінен сүйген ер адам 5 жылға сотталды

сот
Фото: из открытых источников

Өзбекстанда көшеде 8 жастағы қызды сүйіп, әдепсіздік жасаған 63 жастағы азаматқа үкім оқылды, деп жазды Zhasalash.kz.

Өзбекстан Жоғары сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, жабық өткен сотта судья (1960 жылы туған) М.И. есімді ер адамды "16 жасқа толмағандарға тиісу" бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Биыл тамыз айында зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған Nemolchi.uz жобасы көшеде ер адамның кішкентай қызға тиісіп жатқан видеосын жариялаған. Кішкентай қыздың қарсылығына қарамастан, ернінен сүйген.

Оқиғаның куәгерлері оны видеоға түсіріп, Nemolchi.uz жобасының редакциясына жіберген.

Бұған дейін Өзбекстанда кәмелетке толмағандарға тиісу бабы бойынша 3 жылға дейін түзеу мекемесінде жұмыс немесе 5 жылға дейін еркінен айыру жазасы қарастырылған еді. 2023 жылы бұл бап бойынша жаза қатайтылды.