Татьяна Савельева Құрылтайдағы депутаттық мандатын тапсырды
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл шешім оның жеке өтініші негізінде қабылданған.
Депутаттар тиісті мәселені қарап, Савельеваның өкілеттігін тоқтатуды қолдады. Дауыс беру кезінде 130 депутат шешімді қолдаса, екеуі қалыс қалған.
Татьяна Савельева Құрылтайдың бірінші шақырылымына 23 тамызда өткен сайлаудан кейін "Әділет" партиясының тізімі бойынша сайланған. 27 тамызда Орталық сайлау комиссиясы оны Құрылтай депутаты ретінде ресми тіркеген.
Құрылтайдағы жұмысында Савельева Қаржы және бюджет комитетінің құрамына кірді.
Ол бұған дейін Мәжіліс депутаты болған. 2023 жылы VIII шақырылым Мәжілісіне "AMANAT" партиясының тізімімен сайланып, 2024 жылдан бастап Қаржы және бюджет комитетін басқарды.
Савельеваның мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы қаржы саласымен байланысты. Ол мемлекеттік қызметке 1999 жылы келген. 2016-2023 жылдары Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
Құрылтай депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қолданыстағы конституциялық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.