Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Тәжікстан президентімен бірге СІМ басшысы, президенттің сыртқы байланыстыр мәселелері жөніндегі көмекшісі, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және жаңа технологиялар, еңбек министрлері және басқа да лауазымды тұлғалар еріп келді.
Тәжік басшысын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртқан. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер болады. Онда сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция мәселелері талқыланады. Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның мәдени күндерінің ашылу салтанатына, ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысады.