Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:08, 16 Қаңтар 2024

Телефонға үңілген бала: психолог шешімін тапты

психолог
Фото: из открытых источников

Балаңыз күнделікті телефоннан видео, ойын ойнауға әуестенсе не істеу керек? Баланы телефонға, гаджетке деген тәуелдіктен арылтудың жолын «НИИДПО» білім беру институтының маманы Арина Миллер тапты. 

Оның айтуынша, ата-аналарға баланы ойламас бұрын, алдымен өздерінің әрекетіне мән бергені дұрыс деп санайды.

«Жақсы сөз, ақыл айта беруге болады, бірақ бала сіздің айтқаныңызды емес, істеген ісіңізді қайталайды. Тіпті дәл соның көшірмесін жасайды. Егер балаңыздың 24/7 сағат бойы телефонға үңілгенін қаласаңыз, өзіңіз бірінше сол гаджеттен қашыңыз. Оның орнына пайдалы істі жасаңыз, оны бала қайталайды. Бала сіздің сөзіңізді елемейді, ісіңізді сөзсіз-ақ түсінеді», - дейді психолог.

Сондықтан үйде арнайы "телефонсыз бір күн" режимін бекітіп, пайдалы істе жолға қою қажет.