Live

Теміртауда жаңа жылдық әшекейлерді бүлдірген тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды

Теміртау қаласында көпқабатты үйдің кіреберісіндегі жаңа жылдық безендірулерді әдейі бүлдірген 33 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

1

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс Теміртау қалалық әкімшілік сотында қаралып, сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалған. Ақпаратты Қарағанды облысының полиция департаменті растады.

Видео әлеуметтік желіде тараған

Оқиға қаладағы үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның жаңа жылдық әшекейлерді әдейі сындырғаны анық көрінеді. Бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция тексеру жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол дәл сол үйде тұратын 33 жастағы азамат болып шыққан.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, нәтижесінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз