Сараптама

Threads желісінде Желтоқсан қатысушыларын және қазақстандықтарды қорлаған әйел ұсталды

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Қазір оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Н

Ведомство мұндай пікірлерге жол берілмейтінін атап өтті. Сондай-ақ араздықты қоздыруға немесе жанжал туғызуға бағытталған кез келген әрекетке тосқауыл қойылатынын ескертті.

Айта кетейік, Threads платформасында Виолетта Паршина есімді қолданушы Қазақстан туралы және Желтоқсан оқиғасы қатысушылары жайлы қорлайтын пікір қалдырған. Ол жазбаларында елді «жексұрын мемлекет» деп атап, желтоқсаншыларды «ақымақ», «ауылдан келгендер» деп кемсіткен.

Бұл пікірлер желіде кеңінен тарап, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Көптеген қазақстандықтар мемлекеттік органдарға шағымданып, оны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы — әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру бойынша жауапқа тартуды талап етті.

Кейіннен әйелдің Алматыдағы жарнама агенттігінде жұмыс істейтіні анықталды. Желі қолданушылары компания парақшаларына жаппай теріс пікір қалдырып, 2GIS сервисіндегі рейтингі бір тәулік ішінде күрт төмендеді.

Даудан кейін компания өкілдері Виолетта Паршинаның қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Олар оның енді ұйымға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз