Қоғам

TikTok эфирді 12 мың адам көрген: Былапыт сөз айтқан Семей тұрғыны 5 тәулікке қамалды

Абай облысында полицейлер мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді анықтады.

Полиция

Эфир барысында әйел адам былапыт сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын әдейі көрсеткен және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған әйелдің жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Мадина Баяхметова болып шықты.

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз