Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:13, 26 Ақпан 2024

TikTok қазақстандықтарды ең үздік қысқаметражды фильмдер байқауына шақырады

TikTokShortFilm
Фото: из открытых источников

TikTok қазақстандықтарды ең үздік қысқаметражды фильмдер байқауына, сондай-ақ жаһандық  #TikTokShortFilm жобасына қатысуға шақырады.

TikTok Қазақстан авторларына өз шеберліктерін көрсете отырып, осымен үш жыл қатарынан Канн кинофестивалінің аясында өткізіліп келе жатқан #TikTokShortFilm байқауына қатысуға, сондай-ақ өздерінің қысқа фильмдерін «Қазақстандағы үздік фильм» және «Қазақ тіліндегі үздік фильм» номинацияларына ұсына алатын арнайы жергілікті байқауына қатысуға мүмкіндік береді.

 2022 жылы TikTok Қазақстан авторлары оның аясында қысқа бейнебаяндар форматында көркем фильмдер түсірген қысқа фильмдер байқауы – #ТикТокКиноАкадемия жобасын іске қосу үшін танымал режиссер Тимур Бекмамбетовпен қоса, Қазақстандағы жергілікті киноиндустрия қайраткерлерімен бірікті.

TikTokShortFilm

#TikTokShortFilm

Tiktok Канн кинофестивалінің ресми серіктесі ретінде (TikTok-та @festivaldecannes), #TikTokShortFilm байқауын ұсынады. Бұл байқау авторларға бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам адамға өз шығармашылықтарымен бөлісуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың 21 ақпанынан бастап – 15 наурызға дейін Tiktok Қазақстан авторларын 55-тен астам елді біріктіретін байқауға қатысуға шақырады. Байқауға қатысу үшін ұзақтығы бір минуттан асатын, байқау шарттарына сай келетін түпнұсқа бейнероликті тікелей жариялау қажет.

55 елдің қатысушылары арасынан үш санат ішіндегі жеңімпаздарды («Бас жүлде», «Үздік сценарий», «Үздік режиссерлік жұмыс») беделді қазылар алқасы таңдап алады, ал кейінірек өз жұмыстарын ұсынып, жүлделерін алу үшін Каннда (Франция) өтетін 77-ші Канн кинофестивалінің #TikTokShortFilm салтанаттымарапаттау рәсіміне шақырылады. «Бас жүлде» номинациясының жеңімпазы 10 000 еуро көлеміндегі ақшалай сыйлықты, ал қалған екі номинация жеңімпаздары өздерінің болашақ шығармашылық жұмыстарын іске асыруға қолдау ретінде 5000 еуро алады.

TikTokShortFilm

Қазақстандық қысқа бейнефильмдер байқауы

Tiktok арнайы Қазақстан авторлары үшін дәл сол күндері өтетін жергілікті қысқа бейнефильмдер байқауының бір бөлшегі болудың тамаша мүмкіндігін де ұсынады. Қатысушылар екі номинацияның жүлдесі үшін жарысқа түседі – «Қазақстандағы үздік қысқа фильм» және «Қазақ тіліндегі үздік қысқа фильм». Байқау жеңімпаздары Каннға баруға және атақты кинофестивальға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бастама Қазақстанның Мәдениет және Ақпарат министрлігі қолдауымен өтіп жатыр.

Бастаушы режиссерлерге арналған алаң

#TikTokShortFilm 2022 жылы іске қосылғаннан бері TikTok-тың жаңадан келгендер үшін баспалдақ, ал киноиндустрияның қалыптасқан қайраткерлері үшін жаңа платформа ретіндегі рөлін нығайтуға көмектесті. #TikTokShortFilm көптеген авторларға өздерін ойын-сауық индустриясында жарқырата көрсетіп, әуесқойлықтарын нағыз мансапқа айналдыруға мүмкіндік берді.

Love in Plane Sight атты фильмімен #TikTokShortFilm Бас жүлдесін жеңіп алған Матей Риманич индустрияның жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін креатор болуға кез келгенді шабыттандыра алатынын айтады.

 «TikTok-та бейнероликтер жасауды бастаған сәттен, бізде таңғажайып дүниелер орын алып бастады. Мен Словенияда TikTok-тың ірі туристік бастамасын ұйымдастыру мүмкіндігіне және Адриатика аймағындағы ең үлкен TikTok-контентін жасау барысында Dunking Devils Studios агенттігінде лауазымға ие болдым. Мен әркімге өзін креатор ретінде сынап көруді ұсынамын – және сол кезде сізге жаңа мүмкіндіктер әлемі ашылады», - дейді ол.

Тегтер: