Live

Шымкентте тоғызыншы қабаттан құлаған сәби көз жұмды

Шымкентте 2023 жылы туған сәби көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, қаза тапты.

1

 Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала абайсызда терезеден құлап кеткен.

ТЖД дерегіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауына қатысты тоғыз оқиға тіркелген. Оның төртеуінде балалар көз жұмса, тағы бесеуі түрлі жарақат алған.

Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғылар орнатуды, терезе маңына жиһаз қоймауды және москит торлары баланы құлаудан қорғамайтынын ескертті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз