Live

Пентагон Ресеймен немесе Қытаймен соғыс болған жағдайда жаңа ядролық стратегия әзірлеп жатыр

Пентагон Ресей немесе Қытаймен өңірлік әскери қақтығыс туындаған жағдайда АҚШ-тың жаңа ядролық стратегиясын әзірлеуде.

ядролық қару

Құжатта қысқа қашықтықтағы тактикалық ядролық қаруды қолдану нұсқаларын кеңейту қарастырылған. Бұл туралы NBC News басылымы бес дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Стратегияны әзірлеуді Пентагонның саясат жөніндегі жетекші қызметкері Элбридж Колби басқарады. Жоспарға сәйкес, дағдарыс жағдайында АҚШ президентіне ядролық жауап қайтарудың бірнеше баламалы нұсқасы ұсынылады.

Жаңа тәсіл нақты әскери мақсаттарға жету үшін тактикалық ядролық қаруды шектеулі көлемде қолдануға басымдық береді. Сонымен қатар АҚШ ауқымды қарымта соққы жасауға арналған стратегиялық ядролық арсеналынан бас тартуды жоспарлап отырған жоқ.

Құжат авторларының пікірінше, мұндай мүмкіндіктердің болуы қарсыласты тежеп, өңірлік соғыстың жаһандық ядролық қақтығысқа ұласуына жол бермеуге ықпал етеді.

Алайда бұл тұжырымдаманы сынаушылар тактикалық ядролық қаруды қолдану сценарийлерінің көбеюі оны пайдалану шегін төмендетіп, шиеленістің одан әрі ушығу қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертеді.

Әзірге бұл ресми түрде қабылданған доктрина емес, тек стратегия жобасы. Құжаттың егжей-тегжейі құпия сақталуда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз