Саясат

Тоғжанов Тоқаевтың командасына неге кірмей қалды?

Ералы ТОҒЖАНОВ Маңғыстауоблысының әкімі қызметіне 2017 жылдың 14 наурызы күні тағайындалған еді.

Тоғжанов Тоқаевтың командасына неге кірмей қалды?

Биылғыжылдың маусым айында өткен президент сайлауынан кейін мемлекет басшысыҚасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкіметті қайтадан жасақтағанда, Е. Тоғжанов алғашқылардың біріболып қызметінен босап кетті. 13 маусымы күні Маңғыстау облысының әкімі болыпСерікбай ТҰРЫМОВ тағайындалды. Ал, Ералы Тоғжановқа әлі күнге жаңа қызметберілген жоқ.

Ендеше Ералы Лұқпанұлы мұнайлыөлкеде өткізген осынау 2 жыл 3 ай уақытта қандай еңбегімен елдің есінде қалды? Осыуақыт ішінде Тоғжанов туралы не айтылды? Әкім болып азғана уақыт отырса даТоғжанов дау-дамайдан кенде болған жоқ. Жергілікті жұрт жаңа әкімнің қандайжұмыстарын сынға алды? Осыған біраз талдау жасап көрсек.

Бір жылдары Қарағанды облысыәкімінің орынбасары боп жүрген жерінен Ералы Лұқпанұлы бірден еліміздің Дін істер комитетінің төрағалығына жоғарылап, оданҚазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметінде жүргендекөпшілікке кеңінен танылды. Бірақ, «Тоғжанов облысқа әкімі болуы мүмкін» дегенәңгіме бұған дейін ел арасында да, билік дәлізінде де айтылған емес еді.Сондықтан Тоғжановтың аяқ астынан әкім болып тағайындалғаны тосындау көрінгенірас. Алайда, мұнайшыларының мұңы бітпей, мәңгілік мәселеге айналып кеткенМаңғыстау өңіріне Ералы Лұқпанұлының басшы боп баруына идеология саласындағытәжірибесінің молдығы да себеп болса керек.

Әкім болып тағайындала салысымен Е. Тоғжанов «Сырттанкадр әкелді» деген дауға ілікті. Бірқатар ақтаулық азаматтар әлеуметтікжелілерде облыс басшысының бұл әрекетін сынап жазды. Ақтаулық азаматтардыңайтуына қарағанда Ералы Тоғжанов әкім болғалы бері сырттан 50-ге жуық кадрәкелген. Оның 15 шақтысы ірі қызметтерді иеленген. Облыс әкімінің 3 орынбасарысырттан келді. Осынау 50 адамға бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан ақтаулықтарқызметкерлер ығысып орын берген. Осыншама адамға мемлекет есебінен пәтержалданып жатыр. «Мұның бәрі шығын емес пе? Әрине, әкелген кадрлары шынындажергілікті жұртты таңқалдыратындай іскер болса, бірсәрі… Тек екі-үшеуі ғанаболмаса басқасының елге үлгі болатындай алғырлығын көрмедік. Әйтеуір, әкімніңайтқанына бас шұлғып, қасына еріп жүруден басқа бітірген түктері жоқ...» дейдіолар.

Әрине, Ералы Тоғжанов бұл дауды енді естіп, ендібіліп тұрған жоқ. Әкімге бұған дейін де бұл сұрақ қойылған болатын. Маңғыстауоблысының әкімі «жергілікті кадрмен жұмыс істемейді, билікке өз командасын ертекелді» дегендерге биылғы халыққа есеп беру кездесуінде жауап берді.

«Мен Оралдан келгенде бір ғана Әсел деген қыздыалып келдім. Әселдің өзі Маңғыстаудың тумасы. Оралда қызмет етіп жүр екен. МенОралдан қыздарыңызды өздеріңізге алып келдім. Өздеріңіздің уыздай қыздарыңызбұрын көбісі атқара алмаған жұмыстарды 3 жұманың ішінде тындырды. Тоғжановотырып алып ойына келгенді істей бермейді. Барлығы президентаппаратындағылармен келісе отырып шешіледі. Мемлекеттік қызмет жершілдік,рушылдық мәселесімен тағайындалмайды. Қайта мен маман таппай жүрмін.Мемлекеттік қызметте 409 орын бос тұр. Оның 38-і басшылық қызмет» деген еді солжолы Ералы Тоғжанов. 

Ия, ақталуға келгенде әкімдер өте шебер ғой. Әйтеуір, өзәрекеттерінің жымын білдірмей жібереді. Бұл жағынан келгенде Ералы Тоғжанов танағыз «бесаспап» көрінеді. Әйтсе де «Халық айтса, қалт айтпайды» деген, жұрттыңайтқанында бір шындық бар екені анық. Біреу-екеу емес, бақандай елу кадрды неүшін сырттан әкелгенін айтып, өз-өзін ақтап алуы мүмкін бе? Тоғжановтың көңіліжергілікті кадрларға не үшін толмайды? Осыдан кейін Ералы Тоғжановтың ел ішіндегісүйкімі жоғалып бара жатқаны рас еді.

Ералы Тоғжановтың бұйрығымен сырттан келген кадрретінде ішкі саясат басқармасының басшысы Жұмағали ҚҰРМАНБЕК, денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Талғатбек БАПИЕВ, Маңғыстауоблысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныңбасшысы Дүйсен ҚҰСБЕКОВ тағайындалды.Ал, облыс әкімінің үш орынбасары — Серік АМАНҒАЛИЕВ, Мақсат СҚАҚОВ, РусланСАКЕЕВТІҢ бұған дейін шынында Маңғыстау жерінде еңбек етпегендеріөмірбаяндарынан көрініп тұр. Тоғжанов «Әселді әкеліп едім» деп облыс әкіміаппараты жетекшісінің орынбасары Әсел БАЛМАНОВАНЫ айтып отырғаны анық. «Жиырмажастан енді асқан жап-жас қыз қызметте қаншалықты тәжірибесі мол, еңбек жолыненді ғана бастаған ол кімге ақыл-кеңес береді?» деп ренжіген болатын жергіліктіазаматтар. Бұдан бөлек, Ғалымжан НИЯЗОВ, Тимур САДУАҚАСОВ, Бауыржан ҚАЙРАТОВ,Аят ҚАРСЫБАЕВ, Айдос ХаАМИЕВ, Батырбек ИБРАШЕВ, Эльдар ҚАДЫРАЛИЕВТЕРТоғжановтың «командасы» ретінде сырттан келіп, бір-бір қызметтің құлағынұстады.

Маңғыстауға барған Ералы Тоғжанов маң-маң басып, әдегеннен-ақ ауыл-аймақты аралап, ел-жұртпен танысып, жұмысына белсенекіріскен-ді. Жұрт «қазақшаға судай екен» деп қуанып жатты. Бірақ, аптығы тезбасылды… Әлеуметтік желілерде Тоғжановты жерден алып, жерге салып жатқандаркөбейді. Әрине, әкімнің «адресіне» айтылған сынның бәрін ақиқат дей алмаймыз,дегенменде ішінде көңілге қонатыны бар екенін де жасыруға болмас.

Мысалыға, Уайс ЕРСАЙЫНҰЛЫ деген азамат сол кезде фб-дағыпарақшасында облыс әкімі Ералы Тоғжанов мырзағажергілікті электорат негатив бағасын бере бастағанын жазды. «Мұның өзі облысәкімінің елбасы қойған міндеттерді дұрыс жүзеге асыра алмай, ел сенімінен шығаалмай отырғандығын көрсетеді. Ел сенімінен шықпаған адам елбасы сенімінен шығаала ма? Алғашқылардың бірі болып, белгілі өлке патриоты Нұркамал АЯЗБАЕВөз постында жаңа тағайындалған облыс әкімінің келе салаел аралап кетуінен күдіктеніп, соңы сұйылып кетуі мүмкін екендігін болжағанеді. Жаңа әкімнің кадр саясатын алғаш ашық сынаған Нұркамалдың «жаңа сайланғанбасшылар команда жасақтауды қашан тоқтатады?» деген сұрағына күні бүгінге дейіннақты жауап берілген жоқ» дейді ол.

Алмас АЛТАЙ деген тағы бір азамат былай деп ашынды:

— Былтырбұрынғы әкім Алик АЙДАРБАЕВТЫҢ орнына Ерәлі Тоғжанов кеп отырды. Естіген кездеқуандық. Шыны керек, жаңа әкімнің ауыз ләмінен дәметтік. Қазақшаны судайсапырады екен… Мен шетелде жүргем, елге төрт айдан кейін бір-ақ оралдым. Жаңаәкіммен жүздесудің сәті жазда түсті. Оған дейін пресса қалыптастырған бейнесібар, жылыұшырады. Емен-жарқын сұxбат құрыстық, шыны керек, дәметтік кәдімгідей.Кездесу кезінде бірден Маңғыстауда қасқалдақтың қанындай қат боп кеткен газдыңмәселесін сұрадым:

«Газ — xалықтың мәселесі емес, біздің, биліктің мәселесі, шешеміз» деді. Мәәәә, менрасымен қатты сендім. «Дәмең дамбалдайекен» дейтін біреу болмапты ғой сол кезде… Сөйтсем, әкім Тоғжановтың «әні»осылай келеді екен ғой: жергілікті жұрт «сылдыр сөздің құдайы» деп әлден-ақкүдер үзіп қойыпты. Былтырғы амалдан биылғы амалға дейін не істеді ЕралыТоғжанов? Маңғыстаудың тумасы болғанмен, облыста тұрмайтын адаммын ғой, соданболар: мен бір жылда «мына мәселені әкім шешіп тастады» дегенді естімеппін,көрмеппін. Тоғжановқа дейінгі Айдарбаев Аликтің алдында Бауыржан МҰХАМЕДЖАНОВдеген әкім болған Маңғыстауда. Отырғаны бір-ақ жыл! Бір жылдың ішіндеКаспийдің, теңіздің жағалауын адам танымастай етті-ей, сабазың! Әне, бір жылдыңішінде не бітіруге болатынына дәлел. Ақтаулық «Каспий» футбол клубы былтырғымаусымды өзінде стадион жоқтығы себепті, жаттығуды Шымкентте өткізіп жүрді. Күлесің бе, жылайсың ба? Мұнайлы Маңғыстаудастадион жөндеуге қаржы жоқ екен, күйдім-ау… Былтыр стадионға барып тұрып«уәде» беріпті:

— Жиырмакүннің ішінде жаңа көгал төсетем, ешқайда қаңғымайсыңдар, үйдегі ойындардыосында ойнайсыңдар, — деп.

Жиырмакүндік мерзімнің ЖИЫРМАСЫ өтті, көгал жоқ. Жарайды, бір маусым ғой деген соңбылтыр үндемедік, енді биыл да стадион жоқ дейді. Не бейбастық мынау???

Осылайша Маңғыстауда Ералы Тоғжанов туралы әртүрліәңгімелер айтылғаны жасырын емес. Тоғжанов үнемі сынның астына қалды.

Бұл дау басылып, жұрт енді тыныштала бергенде Маңғыстауоблысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев аяқ астынан 115 евро параалып жатқан жерінен ұсталды да, Тоғжанов тағы да тілшілердің «сүйікті»тақырыбына айналып шыға келді. Әрине, облыс әкімі бұл даудан ақталып-ақ бақты.Тіпті, кейбір баспасөз беттерінде «Осы жағдайға байланысты Тоғжанов қызметіненкетеді екен», «Серік Аманғалиев президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі АсланМУСИННІҢ кадры екен» деген ақпараттар тарады. Бірақ, артынша Ералы Тоғжановты тұңғышпрезидент Н. Назарбаев қабылдап, бұл алып-қашпа әңгімелер су сепкендей басылды.

Дәл осы кезде әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының әкімдігі кадрмәселесінде тоқырауға ұшырағаны да кеңінен әңгіме боп жатты.  Рас болса, облыс әкімі Е. Тоғжановқа жақынотыратын кадр қалмаған көрінеді. Бірінші орынбасары С. Аманғалиев – қамауда,тағы бір орынбасары М. Сқақов – денсаулығына байланысты демалыста, орынбасарыР. Сакеев – демалыста, орынбасары Б. Жүсіпов қызметінен босатылған және аппаратжетекшісі мен бірнеше басқарма басшыларының орындары бос тұр екен. 

Кейінірек Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Самат СҮЛЕЙ «Облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовшынында денсаулығының сыр беруіне байланысты демалыста болатын, 8-қарашаданбастап жұмысқа шықты. Ал, Руслан Сакеев еңбек демалысынан оралып, дәл қазіріссапарда жүр. Ал, тағы бір орынбасар Б. Жүсіпов тамыз айында денсаулығынабайланысты қызметінен босап кеткен. Ал, бос тұрған басқарма басшыларыныңқызметтеріне конкурс жарияланған» деп жауап берді.

Тоғжановтың қол астында жұмыс істеген қызметкерлероның өзіне бағыныштылармен өте дөрекі сөйлесетінін айтады. Жеке басқа тиісіп,көпшіліктің көзінше қызметкерлерді жерден алып, жерге салуға құмар. Қоластындағыларға басқа нәрсені тапсырып, нәтижесінде басқа нәрсені сұрайды. Еңжаманы, Тоғжанов жергілікті кадрларды топас, қолдарынан ештеңе келмейді депсанады. Содан шығар, қызметке кірісе салысымен опыр-топыр ауыстырған он кадрдыңтоғызы сырттан келгендер болды.

Жалпы алғанда жаңа әкім жұмысқа ешқандайжаңашылдық әкеле алмады. Жиналыстар көбейді және ол жиналыстар 2-5 сағатқадейін созылып, жұрттың ішін пыстырды, тірлікке ешқандай серпін бермеді. Әкімтек қол астындағылардың жұмысын сынаумен ғана болды. Бұл әрине, қызметкерлердіңжұмысқа деген ынтасын төмендеткені анық. Және тағы бір айтары, кез-келгенжиналыста оның саласы сөз болса да, болмаса да барлық саланың басшыларыміндетті қатысып отыру әдетке айналып кетті. Тоғжанов үлкен-кіші деп бөлмей,барлық лента қиюларға өзі қатысқанды жақсы көрді.

Сонымен бірге Тоғжановтың есімі қымбат көліктерсатып алумен де танымал болды. Оның билігі кезінде «Лексус» 570», «Лэнд крузер200» секілді қымбат көліктер сатып алынды.

Кейбір ақпараттарға қарағанда облыс әкімініңорынбасары Р. Сәкеев Тоғжановқа күйеу бала болып келеді. Оның жиен қызынаүйленген көрінеді. Содан болар, Сәкеев майлы жіліктің басын ұстады, облыстыңбүкіл қаржылық мәселесі сол арқылы шешіліп отырды.

Кәсіпкерлердің арасында «тендер 20 пайызғакөтеріліп кетті» деген әңгімелер көбейді. Содан ба, кейбір ірі құрылыскомпаниялары бұл облыстан кетіп жатты.

Облыс әкімі көлікке арналған сұйытылған газбағасының өсуіне жол беріп, нәтижесінде КазГПЗ мен жекеменшік газ құятынбекеттер арасында делдалдық қызмет атқаратын «Скай» деген серіктестік пайдаболды. Бұл компания газ бағасының 10 пайызын алып отырды. Ең жаманы, бұлкомпания сұйытылған газдың тапшылығын қолдан ұйымдастырды. Газ құятын бекетиелерінің айтуына қарағанда «Скай» ЖШС пайда болғанға дейін олар газды біркүнде алып отырған. Енді сұйытылған газ аптасына брі-ақ мәрте беріліп,нәтижесінде ұзақ-сонар кезек пайда болады. Бұл газ бағасының 45 теңгеден 65-кеөсуіне алып келді. Алайда облысқа премьер-министр, президент әкімшілігініңжетекшісі және министрлер келген кезде газ тапшылығы бірден жойылып отырды.

2018 жылдың 12-тамызында Ақтауда Каспий маңы мемлекеттерібасшыларының саммиті өткені белгілі. Осы үлкен іс-шараның алдында облысорталығының жолдары жөнделді. Бірақ, әдеттегідей тек орталық көшелер ғанажөнделді. Бұған дейін де осынау әп-әдемі көшелердің беткі қабаты алынып,қайтадан жаңасы төселіп, жаңадан жолжиектер орнатылған болатын. Бұл жолы датура сол жағдай қайталанды.

Тоғжановтың билігі кезінде облыстың бюджеті 10млрд теңгеге көбейді. Бірақ, қаржылар кейде түкке қажеті жоқ жобаларға жұмсалыпжатты. Мысалыға, бюджеттен «Көк құмыра» орталық көшесінің бойына құрылғы орнатуүшін 47 млн теңге бөлінді. Бұл бір жағы өте қымбат және түкке қажеті жоқ жобаболды. Өйткені, қаланың сәулетіне сай келмеді.

Жағалауға орнатылған жасанды пальмалардың қалайпайда болғаны әлі күнге жұмбақ күйінде қалуда. Ақпарат құралдарында бұлпальмаларды «NCOC» компаниясы, енді бір басылымдарда «МаңғыстауҚұрылысИнвест»компаниясы сыйға тартқаны бірнеше рет жазылды. Дегенменде облыстық әкімдіктіңмәліметтерінде 2018 жылы жағалауды жасанды пальмалармен сәндеу үшін 700 млнтеңге бөлінгені айтылыпты. Сонда бұл жасанды ағаштарды құрылыс компанияларысыйға тартқан болса, облыстық бюджеттен жарты миллиард теңгеден астам қаржы неүшін бөлінді? Ол ақшаға қайда жұмсалды? Яғни, бұл мәселеде сәйкессіздік бар.

Ал, бұл кезде мұғалімдер, аудандық және ауылдықәкімдіктердің қызметкерлері жалақысын, демалысының ақшасын ала алмай зар илепжүрді. 2018 жылы пилоттық жобаға байланысты мемлекеттік қызметкерлердіңжалақысы екі-үш есеге көтерілді. Бірақ, 2018 жылдың соңында қазынада ақшаболмағандықтан, мемлекеттік қызметкерлер сыйақы мен бонустарына қол жеткізеалмады.

2018 жылы Ақтау қаласын көгалдандыруға 954 млнтеңге бөлінді. Яғни, 2017 жылға қарағанда екі есе көп қаржы бөлінді, бірақ, бұлбағыттағы жұмыстар өте нашар атқарылды. Бұл да жыл сайын қайталанатын жағдай.Нақтырақ айтсақ, көктемде жер жаһанның бәріне гүл, ағаштар отырғызылады, бірақ,жаз кезінде жиі суарылмағандықтан көп ұзамай қурап кетеді. Бір жылдары Ақтауқаласы әкімінің орынбасары Сағынғали Амангелдиев ағаштарды суғарудың жаңажүйесін енгізбекші болып, біраз талаптанғаны рас. Бірақ, басталған істі аяқтапүлгермей жатып ол қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу баптары бойынша7,5 жылға сотталып кетті. Кейбір ақпараттарға қарағанда қаланы көгалдандыруға450 млн теңге бөлінген. Бірақ, оның 300 млн-ы талан-таражға түскен көрінеді.Осы салада ешқандай тәжірибесі жоқ «Факел» деген компания пайда болып,тендерлерге қатысып, ақырында ол компанияның директоры да, қала әкімініңорынбасары да абақтыға жабылды.

Осыдан-ақ көгалдандыру мәселесін әлдебіреулермайлы жілікке айналдырып алғанын байқауға болады. Жалпы алғанда әкімдік ағашотырғызу мәселесі жүрдім-бардым қарайды. 7000 түп ағаш дұрыс егілмеген, яғни,шұңқырлары дұрыс қазылмаған. Әрине, бұл көшеттер күш алып кете алмай, құрапқалды. Тек қала тұрғындары дабыл қаққаннан кейін ғана әкімдік арнайы комиссияқұрып, қажетті іс-шараларды қолға алды. Дәл осылайша 1000 түп шырша қажеттітыңайтқышсыз отырғызылған. Бұл жолы да оның жартысы өнбеді. 600 түп сауырағаш(кипарис) отырғызып, бұл жерде «Халықтар достығы» деген әдемі саябақ болатынынбарлық ақпарат құралдары алақайлап жазды. Алайда бір айдан кейін жұмысшыларқурап қалған сауырағаштарды кесіп алып, қоқысқа тастады. Содан бері не ағашжоқ, не саябақ жоқ.

Өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тарифмәселесі арнайы қаралғанда Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысында бағалардың 20 пайызғатөмендегенін жария етті. Бірақ, келесі күні-ақ ресми органдар тарифтің 17пайызға төмендегінен жазып жатты. Ал, тұрғындар тарифтің бар-жоғы 7 пайызғағана арзандағанын айтады.

Тоғжанов әкім боп тұрған кезде үш рет шетелгешығып, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркіменстан және Өзбекстанға сапар жасады. Осысапар барысында БАӘ инвесторларымен 4 жобаға қол қойылды. Ол 35 қабаттыкөпжүйелі кешен, логистикалық және индустриалдық парк, жаңадан Fly Dubai әуетасымалы және Абу-Даби өнеркәсіптік палатасын ашу еді. Бірақ, содан кейін бұлкелісімдер бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы ештеңе жазылғанемес.

«Каспий» футбол командасын дамыту үшін Хорватияданойыншылар шақырылды. Шетелден келген ойыншылар әкімге үш айда команданы үздікүштікке кіргізетіні туралы уәде берді. Сөйтіп олар ай сайын 3 млн теңге жалақытөленіп отырды. Бірақ, уәде сол күйі орындалмады. Әкім көпшілікті «Бұлойыншылар әлі соқпақтан шыға алмай жатыр, жеңісті күндер әлі алда» деп жұбатты.Алайда өзгерген ештеңе жоқ. Команда үздік үштікке кірмек түгілі, ең соңғыорындардан көтеріле алар емес. Дәл сол сияқты Ералы Тоғжановтың өзі де әкім болғанкезінде «аутсайдерлер» тобынан шыға алмады.

Маңғыстау облысына барған сапарында президентҚасым-Жомарт Тоқаев тек мұнай саласына ғана сеніп өмір сүруге болмайтынынайтқан болатын.

Шынында қанша мол десекте, бір жылдары мұнайдың датаусылатын кезі болатыны анық. Сондықтан бұл өңірге инвестиция тартып, туризмсаласын дамытуға күш салу қажет. Ал, Маңғыстау облысының бұл жағынанкөрсеткіштері тым төмен. Е. Тоғжанов әкім болып отырған кезде алғашқытоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі қаралып, өңірлердіңжетістіктері кесте-кесте бойынша көрсетілгенде мұнайлы өлкені тізімнің басжағынан көру бір мұң болды.

Ұлттық экономика министрі Ерболат ДӘЛЕНОВ өнеркәсіпбойынша Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары теріс мәнкөрсеткенін атап өтті. Яғни, Маңғыстау облысы өнеркәсіп саласы бойынша минус2,1-ге кіріп кеткен. Ал, ауылшаруашылығы саласы бойынша көрсеткіші — 0,0пайыз. Министрлік Маңғыстау облысының осы саладағы жұмысын тура осылайбағалапты. «0» деп бадырайтып көрсеткені бұл өңірде осы саланың жұмысы нөлекенін білдіріп тұрғандай...

Негізгі капиталға салынған инвестициялар бойыншада Маңғыстау облысы ең соңғы орындарда тұр. Ал, құрылыс бойыншаартта қалған өңірлерсаны 8-ден 4-ке дейін қысқарыпты. Сол төртеудің ішінде Ералы Тоғжановбасқаратын облыс ең соңынан орын алған. Яғни, құрылыс бойынша елорда, Ақмолаоблысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы артта қалып отыр.

Жалпы алғанда Маңғыстау облысы тек биылғы жылдыңалғашқы тоқсанында ғана емес, Ералы Тоғжанов әкім болған екі жыл ішінде детөменгі орындардан жоғары көтеріле алмады. Рейтингтік көрсеткіштер бойыншаүнемі соңғы орындарды иеленді. Осыдан кейін елді иландыра білетін идеологболумен ғана бір облыстың мәселесін шешіп тастау мүмкін емес екені анықбайқалды. Жұрт жаңа әкімнен сөз емес, нақты істер күтті. Өкінішке орай, елдіңүміті орындалмады...

Фото ғаламтордан алынды. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз