Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:43, 11 Қыркүйек 2024

Тоқаев белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады

э
Фото: kazpravda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасалды. Бұл туралы ақпаратты саясаттанушы Андрей Чеботарев мәлімдеді.

Өткен жаздан жақсы жаңалық! Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Рақымшылық істері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі қытайтанушы, саяси ғылымдар докторы, профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Осыған байланысты оның соттылығы жойылып, құқықтары қалпына келтірілді. Жалпы, Әділет салтанат құрды! Әріптесіміз бен тәлімгерімізге зор денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін!, деп жазды Чеботарев.

Еске салайық, 2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуге сотталған болатын.

Тегтер: