Қоғам

Тоқаев EXPO орталығында шетелдік лидерлерді қарсы алды

Астанада өтіп жатқан #RES2026 өңірлік экологиялық саммитіне келген шетелдік делегация басшыларын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO көрме орталығында қарсы алды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

1

Саммитке қатысушы мемлекет басшылары мен үкімет өкілдері елордаға келіп, пленарлық отырысқа қатысуда.

Ауқымды халықаралық алаң БҰҰ және өзге де ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған. Оның басты мақсаты – Орталық Азия елдері үшін экология, су және жер ресурстарын басқару, биоалуантүрлілікті сақтау бағытында ортақ саясат қалыптастыру.

Пленарлық отырыста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Моңғолия және Грузия президенттері, сондай-ақ Әзербайжан премьер-министрі мен БҰҰ өкілдері сөз сөйлейді.

Еске салайық, RES-2026 саммиті 22-24 сәуір аралығында өтеді. Жиынға шамамен 1500 делегат қатысады деп болжанған.

Тегтер: саммит Тоқаев
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз