Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:25, 25 Сәуір 2024

Тоқаев: Өзен жағасына үй салу қауіпті, оны су шайып кетуі мүмкін

м
Фото:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты.

Президент сөзінше, бұл жұмыс 5 айда аяқталуы керек.

Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің 5-ақ айында аяқталуға тиіс, деді Президент.

Сонымен қатар, ол азаматтарды қолдау шаралары қабылданып жатқанын айтты.

Алапат тасқынның кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалды. Сондықтан мемлекет азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады. Сонымен бірге өзен жағасына үй салу қауіпті, оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн. Сондықтан құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін қаперде ұстаған абзал. Әкімдіктер тиісті ереже талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Алдағы ауқымды құрылыс жұмыстары жұртқа жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын, деді Тоқаев ҚХА Сесссиясында.

Фото: Ақорда

Тегтер: