11:38, 25 Сәуір 2024
Тоқаев тіл мәселесінде ұстамды болуға шақырды
Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекі отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мәселесіне қатысты ойын айтты.
Тоқаев бұл мәселеге келгенде ұстамдылық таныту керектігін айтты.
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін, деді ол.
Фото: Ақорда