11:55, 05 Ақпан 2024
Үкіметтің кеңейтілген отырысында не талқыланады
7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ақорданың хабарлауынша, шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетін екі жыл басқарған Әлихан Смайыловқа қатысты шешім шығарады.