Тоқаев: Әкімдер, теледидардан жаман көрінесіңдер
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ әкімдерге шетелдікинвесторлармен кездесу кезінде өздерін қалай ұстауы керек екені жайлы ескертужасады.
Бұл туралы nur.kz жазды.
«Инвестиция тартукерек. Әкімдерге қарата айтып отырмын: сіздер инвестиция тартумен айналысуғатиіссіздер. Сіздердің кәсіпорын делегаттарын, инвесторларды қалайқабылдайтындарыңызды кейде теледидардан көріп қалам: төрде отырасыңдар да оларды екі, үш, төрт метр қашықтыққа жайғастырасыңдар, өздеріңдіәлдебір князьдықтың басшысы секілді ұстайсыңдар. Тап бір сендер емес, оларинвестицияға құмартып отырғандай. Бұдан түк те шықпайды», — деді Тоқаев.
Президент соныменқатар, әлгіндей әкімдерге үлгі алатын тұлғаны да атады. Тіпті, кітап оқудыұсынды. Сингапурдың премьер-министрі Ли Куан Ю жазған «Үшінші әлемнен — біріншіәлемге» атты кітабын оқып, оның инвестор тарту туралы жеке тәжірибесін үйренудітапсырды.
«Өздеріңді өтеүлкен бастық қылып көрсеткенше шамамен солай жұмыс істеуге тиіссіздер. Турасынайтайық, бұл сіздерге мүлде жараспайды. Тура сол күйлеріңде теледидардан өтежаман көрінесіңдер», — деді президент.
Фото: qazaqtimes.com