«Тоқаев Назарбаевтың командасымен жұмыс жасай алар емес»
Биліктегі ауыс-түйіс мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТОҚАЕВТЫҢ өз командасының жоқтығынан болды.
Бұндай пікірді саясаттанушы МаксимКАЗНАЧЕЕВ «Жас АЛАШ»тілшісіне білдірді.
«Қасым-ЖомартКЕМЕЛҰЛЫНЫҢ өз командасы жоқ. Ол сондықтан экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢкомандасымен жұмыс жасауына тура келді. Алайда, экс-президенттің командасыменжұмыс жасай алар емес. Президент болған аз уақыттың ішінде президентәкімшілігінің үш басшысы ауысты. Оған саяси аренада бұрынан келе жатқанҚырымбек КӨШЕРБАЕВ, Марат ТАЖИН, Бақытжан САҒЫНТАЕВТАРМЕН жұмыс жасау ауырлау.Сондықтан да екінші планда жүрген Ерлан ҚОШАНОВ, Роман СКЛЯРЛАРДЫҢ позициясыкүшейді. Қазір Тоқаев өзіне қолайлы команда жасақтап жатыр. Бұл процесс 1,5жылға дейін жалғасуы мүмкін», — дейді саясаттанушы.
Кеше екі ай он күн президент әкімшілігін басқарғанҚырымбек ЕЛЕУҰЛЫ Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Ресми ақпараткөздері Марат Тажинді басқа жұмысқа ауысты деген хабарлама таратқанымен, нақтықайда кеткенін жазбады.
Соңғы 2,5 жыл Қарағанды облысын басқарған ЕрланҚошанов президент әкімшілігінің жетекшісі атанды. Ерлан ЖАҚАНҰЛЫ саясаттанушыМаксим Казначеев айтқан «ауыр салмақтылар» сынды жоғарғы лауазымды қызметтердіатқармаған.
1999-2003 жылдары Парламенттегі Үкіметтің өкіліболған. 2001-2003 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары,2003-2006 жылдары Көлік және коммуникация министрінің орынбасары сынды қызметтердіатқарды. Қарағанды облысы әкімі болмай тұрғанда премьер-министр кеңсесініңбасшысы болып көтерілген еді.
Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Роман Склярүкімет басшысының орынбасары болып тағайындалса, сыртқы істер министрініңорнына Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ жайғасты. Ал Бейбіт АТАМҚҰЛОВ Индустрия жәнеинфрақұрлымдық даму министрі болып ауысып кетті. Премьер-министр Кеңсесініңбасшылығына Ғалымжан ҚОЙШЫБАЕВ тағайындалса, Жеңіс ҚАСЫМБЕК Қарағанды облысыныңбасшылығына кандидат атанды.
Фото: zonakz.net