Қоғам

Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланады

Президент Қасым-ЖомартТоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.

Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланады

Мемлекет басшысыөзінің «Twitter» парақшасында ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасы ментуған-туыстарына көңіл айтып, апатқа кінәлілер жазаланатынын айтты.

«Бүнін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қазатапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңілайтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайыүкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», — дедіТоқаев.

Естеріңізгесалайық, бүгін таңғы сағат 7-22-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бэк эйр»компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 12 адам көз жұмып, 12 адамжарақат алған. Ұшақ бортында жалпы саны 95 адам болған. Олардың бесеуі  экипаж мүшелері.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз