Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аяқталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барған.
Президент Вьетнам басшысымен келіссөз жүргізіп, оны елімізге мемлекеттік сапар жасауға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында Вьетнам Премьер-Министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен кездесті.
Осы жолғы сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.
Енді Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады.
Қазақстан мен Вьетнам арасында биыл жарты жылдағы тауар айналымы 3,5 есе артты.