Әлеумет

Төрт әкімнен де қайыр болмады

Ақтөбедегі оқушылар күнінеалты шақырым марш-бросок жасайды. Тәлімгерлер әскери мектептің шәкірттері емес.

Төрт әкімнен де қайыр болмады

Ақтөбе қаласынан бар-жоғы2-3 шақырым жердегі Шестихатка ауылына адамдар 2013 жылдан бастап қоныстанған. Астанаауданына кірегтін елдімекенде содан бері жол жоқ. Әр жылдары қаланы басқарған  Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, Ерхан ОМАРОВ, БекболСАҒЫН, Ілияс ИСПАНОВ та қараша халықтың бұл проблемасын шеше алмады. Жаздашаңдақ, көктем мен күзде батпақ жол енді Мавр АБЛУЛЛИНГЕ «мұра» болып қалған.

Бүгін Шестихатка ауылыныңелуден аса тұрғыны БАҚ-ры өкілдеріне базынасын жеткізді. Жол жасалмақ түгілібұл елді мекенге қоғамдық көліктер де келмейді екен.

«Балаларымыз үш жарымшақырым жерге қатынайды. Мектептің өзіне. Ауылдың шетінен есептегенде үш жарымшақырым. Қала әкімі де келіп кетті. Қыркүйекте автобус жүргіземіз оқушыларғадеді. Оның да уәдесі орындалмады», — дейді Жылқаман МЕРЕЙОВ.

Шестихатқа деп аталып кеткен ауылда қазір жүз шақты үйбар. Әр үйден мектепке баратын екі баладан шыққанда шамамен  екі жүздей бала оқуларына күнде жаяу барыпкеледі.

«Осы әкімдер келгенде менталай айттым: «өздеріңіздің балаларыңыз жаяу жүрмейді» дедім. Біздіңбалаларды аямайсыңдар ма? Балаларымыз қорқады. Ата-аналар шұбырып апарады сабаққаапарады. Кешкісін аялдамада күтеді. Осы аялдама мен екіортаның өзі бірталай шақырым жер. Қыстың күні де солайқатынайды. Жаяу келеді. Қатты боранда шықпай қалады», —  дейді осыауылдың тұрғыны Ғалия СМАҒҰЛОВА.

Әкімдіктегілертұрғындардың алты жылдан бері талап етіп келе жатқан жол мен қоғамдық көлікмәселесінің әзірге шешіле қоюуы екі талай. Сөздеріншеауылға жол салу үшін қаржы керек.  Биылғыбюджетте қарастырылмаған. Ал жол түспей ауылға қоғамдық көлік кірмейді дейдіжауаптылары. Қыркүйек айынан бастап жүргіземіз деген  мектеп автобусын жақын арада шығарамыз дептағы да уәде етті.

«Қоғамдық көліктіңкіруін қамтамасыз ету мақсатында осы жолды қажет етеді. Жолды жобалау жұмыстарынжүргізу мақсатында қалалық ЖКХбөліміқазіргі уақытта сол жобалаумен жұмыстар жасалыпжатыр. Алмектепке қатынайтын автобус бойынша қалалық білім бөлімі осы жақын арада процедуралардыөткізіп, қамтамасыз етуді өздері мойындарына алды»,-деді Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан ТІЛЕГЕНОВ.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз